Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас ғалым" оқушылардың ғылыми қоғамы

Оқушылардың ғылыми қоғамының

                      Е Р Е Ж Е С І

 

 

Атауы : «Жас ғалым »

Ұраны: Жас ғалым – жарқын болашақтың баспалдағы

     Оқушылардың ғылыми қоғамы - бұл белгілі бір ғылым саласын терең меңгеру үшін өз білімін жетілдіруге, интеллектісін дамытуға талаптанған оқушылардың ерікті шығармашылық бірлестігі .

Қоғам үш секция бойынша жұмыс атқарады:

  №

                Пәндер

              Секция

      Жетекшісі

1

Биология

Химия

География

«Биоэколог»

(биология, химия, экология, география)

ТорсуноваБ.Р.

биология пәні мұғалімі

2

Математика

Физика

Информатика

«Жас жігер»

(математика, қолданбалы математика информатика

физика, техника)

Шалабаева А.Б.

математика пәні мұғалімі

3

Қазақ тілі мен әдебиеті

Орыс тілі мен әдебиеті

Ағылшын тілі

Тарих, құқық,

Технология

«Жас қырандар»

(тіл білімі, тарих , этномәдениеттану,

өлкетану )

Әдей Жайнагүл   тарих пәні мұғалімі

Мақсаты мен міндеттері:

1. Оқушылардың оқу пәні арқылы белгілі ғылым саласы бойынша зерттеу     

    шығармашылық, тәжірибе, іс-әрекет білімі мен іскерлігін қалыптастыруға  

    мүмкіндік жасау, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға,

    шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ойын дамытуға ұмтылдыру;

2. Ғылыми-зерттеу жұмысына икемділігі бар оқушыларын айқындау, қолдау

    көрсету;

3. Мемлекетіміздің зерделі әлетін қалыптастыруға үлес қосу;

4. Оқушыларға ғылыми-техникалық озық жетістіктерді насихаттау;

5. Мектеп бітірушілердің нәтижелі түрде мамандық таңдауына және

    мамандық бағытына көмектесу;

6. Алған білімін тиімді пайдалануға ұмтылдыру;

7. Шығармашылық тұлға қалыптастыру.

Құқықтары мен міндеттері:

ОҒҚ әрбір мүшесі:

1. Ізденіс шығармашылық жұмыстарға бейімділігі бар талаптанған үздік оқитын оқушы мүшесі бола алады;

2. Түрлі секция жұмысымен танысуға және бір секциядан екінші секцияға өтуге;

3. Өз жұмысын ғылыми жарыстарға ұсынуға құқылы.

4. Қоғамның және оның бөлімшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын енгізуге міндетті.

5.Үйлестіру комитетінің кеңесіне мүше бола алады.

6. Ғылыми мектеп, оқу-әдістемелік жиын, шығармашылық экспедиция, ғылыми -практикалық конференциялар, ғылыми жоба жарыстарына қатысуға;

7.ОҒҚ өткізетін барлық іс-шаралар мен секция жұмыстарына қатысуға;

8. ОҒҚ белсенді жұмысы үшін және шығармашылық табыстары үшін Мақтау қағазы, диплом, сыйлықтармен марапатталуға ұсынылуға құқылы.

9. Қоғамның әрбір мүшесі:

Ø ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырыбы бойынша ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізуге;

Ø сапалы білімге және ғылыми ізденіс дағдыларына ие болу үшін талаптануға,өзінің таным деңгейін көтеруге;

Ø отырыстарда хабарламалар жасап тұруға;

Ø берілген тапсырмаларды жауапты орындауға;

Ø жұмыс істейтін ғылыми мекеменің зертхана, кабинет құрал-жабдықтарына  ұқыпты қарауға;

Ø бір немесе бірнеше шығармашылық топтарда белсенді жұмыс істеуге, ғылыми секция, конференцияға қатысуға, таңдап алған ғылыми саласы бойынша білімін өздігінен тереңдетуге;

Ø өз жұмысы жөнінде шығармашылық топта есеп беруге міндетті

Жаңартылған күні: 13.03.2019 12:58
Құрылған күні: 13.10.2020 15:02

Текст