Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шығармашылық топтар

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған

№3 облыстық мамандандырылған  мектеп –интернаты

              2020 – 2021 оқу жылы                   

                                                                                                                                                 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОПТАР

 

 

 

 

 

        «Кемеңгер» тобы

 

«Кемеңгер» тобы – қай істе де кемеңгерлік танытатын, білімді, ақылды, парасатты, өзінен кіші буын өкілдеріне тұлғасымен сыйлы, тәжірибесімен бөлісуге даяр тәжірибелі ұстаздардан құралған топ.

Бұл топ мүшелері өткен еңбек-өмір тәжірибесінен - кемеңгерлiктi, поэзиядан - шешендiктi, математикадан - зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан - тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан - байыптылықты, логика мен көркемсөзден -жақсы сөйлеу дағдысын меңгерген жандар.

 

 

   

     «Шабыт» тобы

 

 

«Шабыт» тобы – бұл топ мүшелеріне шабыт қаншалықты өздігінен келетіндей болып көрінгенмен, ол, әдетте, бұған дейінгі қажырлы еңбектерінің нәтижесі. Көтеріңкі көңіл күй белсенділігімен, үздіксіз ізденіс қарекетінің ерекше өнімділігімен, шығармашылықты жеңіл меңгерулерімен ерекшеленетін жандар.  Өз мамандықтары бойынша жетістіктері, тәжірибелері  де жетерлік, алайда өз-өздеріне көңілдері толмай,  әлі де бағындырар белестерім көп деп шабыттанып тұратын бастамашыл топ!

 

 

 

       

 «Жалын» тобы

 

 

 

«Жалын» тобы – бұл топ мүшелері «Жас келсе іске» деп, заман талабына тез ілесіп, жаңа  платформаларды,  үштілділікті меңгеріп, жан-жақтылығымен көзге түскен шығармашылық жастардан құралған топ.

 Мектептің ҮКІЛЕГЕН ҮМІТТЕРІ, сондықтан жауапкершіліктері де көп! Оқудан, ізденістен, жаңа нәрсені тәжірибеге енгізуден алдыңғы шепте тұратын, жоғары буын және орта буын өкілдерінен тәжірибе жинақтауға даяр жалынды жастар тобы!

 

Шығармашылық топтар

 

 

Жаңартылған күні: 08.09.2020 17:50
Құрылған күні: 16.09.2021 10:02

Текст