Текст
07.02.2026
Мектеп медбикесі С.Б. Шынтимирова оқушылар арасында қызылша ауруының алдын алу мақсатында арнайы түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Кездесу барысында медбике қызылшаның жұқпалы ауру екенін, оның ауа арқылы тез таралатынын және әсіресе балалар үшін қауіпті екенін атап өтті. Аурудың негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрыннан су ағу, көздің қызаруы және денеде бөртпенің пайда болуы екені түсіндірді.
Сондай-ақ, медбике қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – уақытылы екпе алу екенін айтып өтті. Оқушыларға жеке бас гигиенасын сақтау, қолды жиі жуу, науқас адамдармен байланыс жасамау және өзін жайсыз сезінген жағдайда бірден мұғалімге немесе медицина қызметкеріне хабарлау керектігі ескертті.