Текст
07.02.2026
Азаматтық Авиация Академиясының студенті, мектеп түлегі Шәріп Дархан мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды азаматтық авиация саласының ерекшеліктерімен таныстырып, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру.
Кездесу барысында Дархан академияда оқудың қыр-сыры, авиация саласындағы мамандықтар, ұшқыш, авиаинженер, әуе қозғалысын басқарушы сияқты кәсіптердің маңыздылығы туралы кеңінен әңгімеледі.