Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Функционалдық сауаттылық

PISA (Programme for International Student AssessmentБілім алушылардың жетістігін халықаралық бағалау бағдарламасы

PISA бағдарламасының мақсаты  оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалау.

 Жобаның үйлестірушісі

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы (ЭЫДҰ)

PISA – 15 жастағы білім алушылардың математикалықжаратылыстану және оқу сауаттылығы деңгейлерін бағалайтын халықаралық зерттеу.

PISA зерттеуі функционалдық сауаттылығын бағалайды:  

әртүрлі өмірлік жағдайларда білімді тиімді пайдаланулогикалық ойлау және негізгі қорытынды жасау

ақпараттық кестелер мен диаграмаларды және т.бқолдану қабілеті.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі.

Бұл қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Қатысушы елдер саны

PISA - 2000

PISA - 2015

PISA - 2018

43 ел

 

71 ел

78 ел

 

Қазақстан оқушыларының көрсеткіштері

(орташа балл саны бойынша, max-1000)

ПӘНДЕР

2009

2012

2015

2018

Математикалық сауаттылық

405

432

460

423

(54-ші орын)

Жаратылыстану сауаттылығы

400

425

456

397

(69-шы орын)

Оқу сауаттылығы

390

393

427

387

(69-шы орын)

 

Зерттеу үш жылдық кезеңмен өткізіледі.

Әрбір кезеңде басым бір бағыты анықталады.

Оқу сауаттылығы

2000, 2009, 2018

Математикалық сауаттылық

2003, 2012, 2021(22)

Жаратылыстану сауаттылығы

2006, 2015

 

PISA – 2021(22) ерекшеліктері

Дүниежүзілік пандемияға байланысты 2022 жылға ауыстырылды

Математикалық сауаттылық

Негізгі

Оқу сауаттылығы

Қосымша

Жаратылыстану сауаттылығы

Қосымша

«Креативті ойлау» ерекшелігі

Негізгі

 

Компьютерлік формат

PISA – 2021(22) электронды форматта өтеді, яғни арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылады 

Өту мерзімі: 

2022 жыл, Наурыз-сәуір

Қатысушылар:

Кездейсоқ тәсілмен еліміздің қатысушы мектептері мен колледждері анықталады (шамамен 10%-ы)

Мектептегі 15 жасқа толған 9-10 сынып оқушылары қатысады.

PISA-2022 циклінің ерекшеліктері

Тапсырма үлгілері

Дұрыс жауап: Оқушылар жанартау белсенділігінің немесе жер сілкінісінің болу ықтималдығы аз жерді анықтау үшін, картада берілген деректерді түсіндіруі керек, солтүстік Еуропаның үстіндегі картадағы D орны.

 

Дұрыс жауап: Оқушылар жер бетіне жеткен күн сәулесінің таралу пайызы ірі жанартау атқылауы кезінде төмендейтінін көрсете отырып, графикалық деректерді түсіндіруі керек, сондай-ақ жанартау шығарындылары күн сәулесін көрсетеді немесе жұтады дегенді көрсететін немесе тұспалдайтын түсіндірме беруі керек.

 

Дұрыс жауап: Оқушылар 2-орын мен 4-орында өзендегі су молекулаларының бар екенін анықтау үшін, диаграммада берілген судың электр станциясымен қалай қозғалатыны жайлы түсінгендерін қолдануы тиіс.

 

Дұрыс жауап: Оқушылар тұщы мембрана арқылы су қозғалысының су мен тұзды судағы тұздың концентрациясына әсерін анықтау үшін, анимацияны пайдалануды сұрайды. Дұрыс жауабы: Молекулалардың мембрана арқылы қозғалуына қарай, тұщы суы бар резервуардағы тұздың концентрациясы ұлғаяды, ал тұзды суы бар резервуардағы тұздың концентрациясы азаяды.

 

PISA зерттеуіне дайындық ресурсы - BILIM CENTER

PISA зерттеуіне дайындық ресурсы - AMAN SULTAN

Әдістемелік құралдар мен Тест тапсырмаларының жинағы

PISA-2022 халқаралық зерттеу емтиханына қатысатын оқушылар тізімі

PISA-2022 халықаралық зерттеу емтиханына дайындық жұмыстарының жоспары

PISA-2022 халықаралық зерттеуі алдында оқушыларға психологиялық қолдау көрсету жоспары

PISA-2022 зерттеуіне дайындық жұмыстары

«PISA ЗЕРТТЕУІ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ» тәжірибе алмасу семинары

Жаңартылған күні: 05.04.2022 16:35
Құрылған күні: 13.04.2022 10:16

Текст