Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы  (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая,  город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Байқау

12.02.2026

2026 жылдың 10 ақпанында Көкшетау қаласындағы Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде айтулы шара өтті. Жазушы, журналист әрі қоғам қайраткері Жанайдар Мусиннің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық көркемсөз оқу шеберлері байқауына біздің мектеп оқушылары да қатысып қайтты.
Байқау шарты бойынша қатысушылар екі кезеңде бақ сынады. Алдымен Көкше ақындарының жырларын мәнерлеп оқыса, екінші кезеңде Ж. Мусиннің прозалық шығармаларынан үзінділерді жатқа айтып, сахналық шеберліктерін көрсетті.
Біздің мектептің намысын 9 Ә сынып оқушысы Жанұзақ Ажар мен 10 Ә сынып оқушысы Дүйсенбек Ақерке сынды дарынды оқушыларымыз абыроймен қорғап шықты. Олар өз өнерлері арқылы тіл тазалығын, дауыс мәнерін және көркем мәтінді терең түсінетіндіктерін дәлелдеді.
Байқау қорытындысы бойынша Дүйсенбек Ақеркеге " рухани терең" номинациясы, ал Жанұзақ Ажарға байқауға қатысқаны үшін алғыс хат табыс етілді. Оқушыларымызды және олардың жетекшілерін осы жетістіктерімен құттықтаймыз!

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст