Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық Кеңесінің ЕРЕЖЕСІ

«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп–интернаты» КММ

Қамқоршылық Кеңесінің

ЕРЕЖЕСІ

1.  Жалпы ережелер.

1. Осы Ереже Қазақтан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 44-бабындағы 9-тармағына, ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017ж. №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына сәйкес құрылды және Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.

2. Қамқоршылық кеңес  «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп–интернаты» КММ (ары қарай білім беру ұйымы) әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.

3. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.2.

2. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы

4. Облыстық білім басқармасы  өзінің интернет қорында немесе аймақтық мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру орналастырады.

5. Қамқоршылық кеңестің құрамын облыстық білім басқармасы бекітеді және Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.

6. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

1. жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2. жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3. коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4. ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беруұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5. қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады. Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

7. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

8. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.

9. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

10.Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

11. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша оның қызметін Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.

12. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.

13. Қамқоршылық кеңестің жұмысын Қамқоршылық кеңес сайлаған хатшы қамтамасыз етеді.

3. Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі

14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

1) білім беру ұйымның білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің  шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

5) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

6) облыстық білім басқармасына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

7) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

8) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

9) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

4. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі

15. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады. Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.

16: Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.

17: Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.

18. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.

19. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.

20. Білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие.

21. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.

22. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.

23.  Мектептің  интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.

24. Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы ережеде көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.

25. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері:

Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына аударылады.

Ақмола  облысы  әкімдігі  білім  басқармасының   «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп–интернаты» КММ

Көкшетау қаласы, Саин көшесі 20 «А» үйі

Код КГУ 2610311

БСН 970640000587

БСК/ККМFКZ2A

ЖСК КZ26070102RSN0301000

«ҚР  Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитеті» РММ Тел: 8716-277-55-03

27. Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер:

1) білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;

2) беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;

3) спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға;

4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.

28: Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, облыстық білім басқармасының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.

5. Кеңес мүшелерінің моралды-этикалық нормалары

29.  Кеңес мүшелері өз міндеттерін орындау барысында моралды-этикалық нормаларды сақтауға тиіс;

30. Кеңес мүшелері өз жұмыстарында төменде көрсетілген міндеттерді ұстануға

 кеңес   жұмысына  қатысушы   адамдар  бір-біріне  құрметпен    қарауға;

- білім беру ұйымының қызығушылығына қатысты салмақтылық танытуға (яғни    жарғыға   қарсы    келетін    шарттарды     қолданбауы   міндетті);

- өз құқықтары мен мүмкіндіктері төңірегінде ғана іс-әрекеттер  жасауға;

-  білім    беру   ұйымы    туралы   нақты    мәліметтерді   ғана    таратуға;

- білім беру ұйымы туралы жалған мәліметтер ешқашан сыртқа таратпауға тиіс.

6. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату.

31. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:

1) білім басқармасының бастамасы бойынша;

2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

32. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:

1) өз бастамасы бойынша;

2) білім беру ұйымындағы орнында үш ай бойы болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығуы мүмкін.

Жаңартылған күні: 11.03.2019 17:39
Құрылған күні: 23.11.2020 14:04

Текст