Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп және университет: ғылыми ынтымақтастық қырлары» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы

05.05.2024

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ұсынысымен жоғары оқу орындары мектеп оқушылары арасында ғылымды кеңінен насихаттауға белсенді атсалысуда. Осы маңызды бастаманың аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысы мен Қазақстан Республикасы мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында «Мектеп және университет: ғылыми ынтымақтастық қырлары» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Шараның мақсаты дарынды оқушыларды анықтау және олардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Университет оқу орындары арасындағы белсенді өзара әрекеттесуді ынталандыратын және жастардың зияткерлік әлеуетін ашуға көмектесетін «Мектеп-Университет» ғылыми кеңістігін құруға ұмтылады.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға облыстағы түрлі оқу орындарынан 156 оқушы қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның әрбір қатысушысы электронды Сертификат алды. Барлық оқытушылар мен студенттік жобалардың ғылыми жетекшілері Ш.Уәлиханов атындағы университеттің Алғыс хаттарына ие болды. Жеңімпаздар университет атынан 1, 2 және 3 дәрежелі Дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысы бойынша мектебіміздің атынан қатысқан оқушыларымыз жүлделі 🥇🥉орындармен марапатталды.

Қорқытбаева Дильназ - 1 орын, жетекшісі Шаяхметова С.С.
Сейсен Әлима - 1 орын, жетекшісі Жетписбаева К.Б.
Касенова Дария - 3 орын, жетекшісі Жетписбаева К.Б.
Саркен Айғаным - 3 орын, жетекшісі Сағатай А.А.

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст