Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы  (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая,  город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оразова Гульзира Казиевна Математика

Бекітемін                                   Келісемін                                      Қаралды

Мектеп  директоры                  Оқу ісінің орынбасары                Бейінді оқыту орынбасары __________Д.Искакова            _________  Г.Оразова                  __________  С. Кусаинова

 

« 02» қыркүйек 2020 ж.         « 02» қыркүйек 2020 ж.                  « 28» тамыз   2020 ж.

 

 

 

 

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық  мамандандырылған мектеп-интернаты

 

 

 

 

 

 

 

 

ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР

таңдау курс бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

                                                   Сынып – 9

                                       Математика пәні мұғалімі:Оразова Г.К.

 

 

 

 

 

 

Мектепішілік ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында қаралды, бекітілді.

Хаттама № 1, 2020жыл 28 тамыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020-2021 оқу жылы

 

 

Логикалық есептер

 

(9-сыныпқа арналған таңдау курс бағдарламасы)

 

 

Түсінік хат

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 9-сынып оқушыларына арналып құрылған қосымша курстың тақырыбы «Логикалық есептер» деп аталады.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты тапсырмаларды пайдалану, ол тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қаблеттерін дамытуға тәрбиелейді.

       Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Оқушының бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасын, қабілетін дамыту.

Логикалық есептер  (инварианттық бөліктегі мамандандырылған компонент) сабақтары - оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету мақсатында өткізіледі. Олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақтар.

       Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан-жақты жетілдіру- қазіргі аса маңызды міндеттердің бірі.

Мақсаты:

Оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу. Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейту.

Жалпы логикалық –ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың байқағыштық және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту.

 

Міндеттері:

Математикалық білімге қызығушылығын арттыру.

Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қаблеттерін дамыту.

Математиканың өмірмен байланысын көрсету.

Пәнаралық байланыс: тарих

 

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: Сағат саны - 68, аптасына 2 сағат

 

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;

2. Оқушылардың табандылығын, қажырлылығын шыңдайды;

3. Шығармашылық жұмыстарды өздігінен жасауға дағдыланады;

4. Логикалық ойлау қабілеті жоғарылайды;

 

 

 

 

Қойылатын талаптар:

1. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

2. Игерген білімдерін болашақта қолдана білу, жетілдіру;

3. Ауызша және жазбаша есептей білуге дағдылану;

4. Формулаларды қолдана отырып, есептер шығара алу;

 

Пәнаралық кіріктіру: алгебра, геометрия, сызу, әдебиет, информатика.

 

Ұйымдастыру формасын анықтау:

1. Практикалық есептер;

2. Интерактивті әдіс;

3. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар;

 

Оқытуды аяқтау формасы:

1. Тест дайындау;

2. Деңгейлік есептер құрастыру;

 

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

1. Өзіндік жұмыстар;

2. Тесттік тапсырмалар;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Логикалық есептер »

таңдау курсының бағдарламасы

9 –сынып

 

І-бөлім Математикалық қызығушылығын арттыратын есептер -14сағат

 

Байырғы есептер. Сандарды орналастыру. Қатынастарға берілген есептер. Геометриялық бақылағыштық. Кеңістік кескіндері.

 

 

ІІ-бөлім Логикалық ойлау қабілетін арттыратын есептер -20 сағат.

 

Соңынан кері қарай шығаруға ыңғайлы есептер. Күнделікті өмірдегі логика.

Пиза есептері. Бөлінгіштік белгілері мен қасиеттер. Евклид алгоритмі. Мүмкіндіктер есебі немесе Комбинаторика .Қосу ережесі. Қосу ережесін пайдалана отырып есептер шығару. Көбейту ережесі. Көбейту ережесін пайдалана отырып есептер шығару.

 

 

ІІІ-бөлім Ойлау қабілетін арттыратын ойындар- 25-сағат.

 

Көбейту ережесі. Көбейту ережесін пайдалана отырып есептер шығару. Дирихле принципі Математикалық олимпиада .Танграм ойыны. Өткелдер. Өткелдермен өткендер. Орналастырулар. Қызықты арифметика

«Көңілді тапқырлар» жанұя сайысы.

 

 

ІV-бөлім Шығармашылық тапсырмалар» - 9 сағат .

 

Таразы. Өлшеу. Сұйықтар. Өлшеуіш сызғышсыз. Теңдеу құрмай шығар. Лабиринт. Бір жүрген жерді қайталамай орындау. Судоку шешу.

Қорытындылау сабағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Логикалық есептер»

таңдау курсының күтізбелік – тақырыптық  жоспары

 

(68  сағат) 9- сынып

 

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты (нені білу керек?)

Күні

1-3

Байырғы есептер

2

Логикалық ойлау негізінде есептерді шеше білу.

 

4-6

Сандарды орналастыру

3

Белгілі бір заңдылықты анықтап анықтап санды табу

 

7-9

Қатынастарға берілген есептер

3

Қатынастар арқылы есептер шығару.

 

10-12

Геометриялық бақылағыштық

3

Шапшаң шешім қабылдай білуі қерек.

 

13,14

Кеңістік кескіндері

2

Математикалық интуициясын дамыту.

 

15,16

Соңынан кері қарай шығаруға ыңғайлы есептер

2

Есеп шығарудың әдіс – тәсілдерін білу.

 

17-20

Күнделікті өмірдегі логика.   Пиза есептері.

4

Ақыл – ойы шыңдалады.

 

21-23

Бөлінгіштік белгілері мен қасиеттер

3

Бөлінгіштік белгілері мен қасиеттерді білу.

 

24-26

Евклид алгоритмі

3

Евклид алгоритмі арқылы ЕКОЕ, ЕҮОБ – ны табу.

 

27-29

Мүмкіндіктер есебі немесе Комбинаторика

3

Комбинаторика ұғымымен танысу.

 

30-33

Қосу ережесі. Қосу ережесін пайдалана отырып есептер шығару.

4

Қосу ережесін пайдалана алу.

 

34-37

Көбейту ережесі. Көбейту ережесін пайдалана отырып есептер шығару.

4

Көбейту ережесін пайдалана алу.

 

 

38-40

Дирихле принципі

3

Дирихле принципіне сүйене отырып, есептер шығару.

 

41-43

Математикалық олимпиада

3

Өзара бәсекелестік туғызу арқылы шын мықтыны анықтау.

 

44-46

Танграм ойыны

3

 

Ой – өрісін және құрастырғыш қабілетін дамыту.

 

47-49

Қызықты арифметика

«Көңілді тапқырлар» жанұя сайысы

3

Ойлау дағдысын

жаттықтыру.

 

50-52

Өткелдер. Өткелдермен өткендер.

3

Ой – өрісін шыңдау.

 

53-55

Орналастырулар.

3

Есептерді шығарту арқылы шешу жолдарын меңгерту.

 

56-58

Таразы. Өлшеу. Сұйықтар.

3

Математикалық интуициясын дамыту.

 

59,60

Өлшеуіш сызғышсыз

2

Сызғызсыз өлшеуге берілген есептерді шешуді үйрену.

 

61,62

Теңдеу құрмай шығар

2

Логикалық ойлауын дамыту.

 

63-65

Лабиринт. Бір жүрген жерді қайталамай орындау.

3

Есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту.

 

66,67

Судоку шешу.

2

Логикалық ойлауын дамыту,есептеу қабілетін арттыру

 

68

Қорытындылау сабағы.

1

Оқушылардың жыл бойы жүргізген жұмыстарында жеткен жетістіктерін ескеру, марапаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курс бағдарламасын

оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

 

 

Инварианттық бөліктегі мамандандырылған компонент бойынша оқу-әдістемелік жинаққа:

 -  бағдарлама;

 - оқу, әдістемелік құралдар (мұғалімге, оқушыға арналған әдебиеттер, қосымша әдебиеттер, электронды басылымдар, интернет-ресурстар);

 - оқушының дәрістері, семинарлары, өзіндік жұмыстары үшін ақпараттық материалдар мәтіндері;

 - өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар каталогы және оны орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар;

 - жеке және сараланған тапсырмалар, соның ішінде тест түріндегі тапсырмалар;

 - оқу тәжірибе бағдарламалары және оны өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар;

- зерттеу жұмыстары мен жобалардың тақырыптары;

 - жобалық және зерттеу қызметінің бағдарламалары және оларды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар;

 - жобалық және зерттеу жұмыстарының үлгілері кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер

 

 

1.Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.

 

2.Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау емтиханына

дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.

 

3.Я.И.Перельман. Жанды математика. Алматы «Мектеп» баспасы 1978ж.

 

4.Тердікбай Күшай. Олимпиадалық математика және ой дамыту V-VIII.Оқу әдістемелік құрал.- Астана, 2012ж.

 

5.Т.И.Қуанышқалиев. Негізгі мектепте олимпиада есептерін шығару арқылы оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту. Орал, 2008 ж.

 

6.Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау қабылдау емтиханына дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.

 


Текст