Куспекова Канагат Магауовна, физика пәнінің мұғалімі
Авторлық бағдарлама
«Отын энергиясы және электр энергиясын алу жолдары»
(Бейінді оқыту бойынша қолданбалы курс 8-сынып)
Бағдарламаға түсінік хат
Бағыты: математикалық-жаратылыстану
Жаңалығы мен өзектілігі: Жалпы электр энергиясын өндіруді, тасымалдау мен пайдалануды ғылым тілінде «энергетика» - деп атайды. Жалпы біз энергия тамырына терең бойласақ, онда ең алғаш адамзат пайдаланған энергия, отынның жану энергиясы. Осыған орай тезек, көң, шымтезек, ағаш энергиясы, олардың мекшікті жану жылуы және оларды қолданудың экологиялық маңызын оқушыларға терең түсіндіру де аса зор болмақ.
Бүгінгі таңда техника саласы, ақпараттар ағымының қарқындауы энергия тапшылығын тудыруда. Бұл мәселені шешкен көптеген шет елдер – АҚШ, Германия, Канада және т.б. бірқатар елдер табиғи энергия көздерін пайдаланудың мүмкіндіктері бар, оны пайдалануда.
Қазақстан энергетикасының қазіргі жағдайы және келешектегі жағдайы қандай болмақ, яғни біздің елімізге тиімді электр энергиясының көзін қалай алуға болады, және «Атом электр станциясы қажет пе?» деген сауал төңірегінде оқушыларға ғылыми әрі техникалық идеидеялар мен түсініктерді қалыптастыру ауадай қажет. Сол секілді физика күнделікті өмірде ғылым мен техникалық тіл болуымен де аса маңызды.
Бұл курс мектеп бағдарламасында ерекше мән берілетін, бірақ уақыттың тапшылығына байланысты кеңейтіліп қарастырылмайтын тақырыптарды кеңейтуге негізделіп оқытылады. Техникалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің қолданылу аясын кеңейтеді. Оқушылардың талпынғыштығын, тапқырлығын арттырады. Еңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үйретеді. Мұндай курстың бағалы жері – ол оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін жол ашады. Екіншіден тіпті зерттеушілік қабілеті бар оқушыларды табуға жағдай жасайды.
Курстың мақсаты – берілген тақырыптар бойынша теориялық білім, күнделікті тұрмыста қолдануға тиімді құрылғы жасай білу, оны тиімді қолдануда оқушының шығармашылық, іскерлік, ізденушілік пен тапқырлыққа ынталандырып, болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру,
өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру, оқушыны шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін меңгерген, қабілетті тұлға ретінде дамыту болып табылады.
Курстың міндеттері:
- Физика мен техникаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру;
- Энергияның табиғи түрлерімен таныстырып, теориялық білімді
меңгерту;
- Экологиялық таза энергия түрлерінен хабардар етіп, оқушының
білімі мен білігін арттыру;
- Теориялық білімді практикада қолдануға үйрету;
- Қарапайым құрылғымен табиғи энергия көзін пайдалануды үйрету.
Оқушылар біліміне қойылатын талаптар:
- Табиғи энергия түрлерін білуі тиіс;
- Табиғи энергия көздерінен алынатын энергияның экологиялық таза екенін білуі тиіс;
- Табиғи энергияның басқа энергия түрлерінен ерекшелігін ұғынуы тиіс.
Курсты оқыту барысында күтілетін нәтижелер төмендегідей болмақ:
-Техникалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің қолданылу аясын кеңейтеді.
-Оқушылардың талпынғыштығын, тапқырлығын арттырады.
-Еңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үйретеді.
- Оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады.
- Үй жұмысына берілген эксперименттік тапсырмалар бойынша қорытынды мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады.
- Практикалық тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.
- Техникалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің қолданылу аясын кеңейтеді.
- Оқушылардың талпынғыштығын, тапқырлығын арттырады.
- Еңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үйретеді.
- Зерттеушілік қабілеті бар оқушыларды табуға жағдай жасайды.
- Және оқушылардың ғылыми терминдерді ажырата отырып, тіл байлықтарын дамытуға үлес қосады.
Бағдарламаның іске асырылуын қорытындылауды төмендегідей іс –шаралар (нысандар) өткізу арқылы ұйымдастыруға болады.
-көрмелер
-пікірталастар
-рефераттар жазу
-буклеттер жасау
-үй жұмыстарында минишығармалар жазу, газет қиындыларын жинақтау, интернеттен қосымша материалдар алу, сөзжұмбақтар, ребустар құрастыру
-электрондық түрде слайдтар, рефераттар, көрсетілімдер дайындату
«Математикада логикалық есептер шешу»
(Бейінді оқыту бойынша қолданбалы курс. 6-сынып)
Бағдарламаға түсінік хат
Бағыты: математикалық-жаратылыстану
Жаңалығы мен өзектілігі: Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттің деңгейін көтеру болып табылады.
Математикалық есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу оқушылардың ойын оятып ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуда, батыл қимылдаржасауға, шығармашылық ізденіске тәрбиелейді. Оқушылардың логикалық ой- өрісін арттыруда, оларды математикаға қызықтыруда «Математикадан логикалық есептерді шешу» деген қолданбалы курсты өткізудің маңызы бар. Логикалық есептерді шығару барысында оқушылар математикалық ұғымдарды меңгереді, ойлау қабілеті дамиды. Өз пікірлерін логикалық жолмен дәлелдей білуге, алған білімдері бойынша тиісті қорытынды жасауға, өздері игерген есеп шығару дағдыларын іс жүзінде білуге жаттығады.
Шешімдерді іздеудің математикалық методтарын, логикалық пайымдауларды, математикалық модельдердің, адекваттылық мәселелерін оқушылар меңгеріп алуларына зор көңіл бөлінеді.Мұндай методтарға мыналар мысал болады. «Дирихле принципі» , «Эйлер дөңгелегі». Пәндік білімін тереңдетіп, ғылымға деген қызығушылығын арттыру және өзіндік ғылыми – зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларына баулу. Оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, біліктілігін арттыру,деңгейлік тапсырмалар қарастырылады және есепті дұрыс шығара білуге үйретеді.
Курстың мақсаты – берілген тақырыптар бойынша теориялық білім, күнделікті тұрмыста қолдануға тиімді құрылғы жасай білу, оны тиімді қолдануда оқушының шығармашылық, іскерлік, ізденушілік пен тапқырлыққа ынталандырып, болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру,
өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру, оқушыны шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін меңгерген, қабілетті тұлға ретінде дамыту болып табылады.
Курстың міндеттері:
- Математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру;
- Логикалық есептер түрлерімен таныстырып, теориялық білімді
меңгерту;
- Математикалық методтарын түрлерінен хабардар етіп, оқушының
білімі мен білігін арттыру;
- Теориялық білімді практикада қолдануға үйрету;
- Теоремаларды дәлелдеу түрлерін білуі тиіс;
- Математикалық тілде сөйлем мәдениеттің деңгейін білуі тиіс;
- Логикалық есептердің басқа есеп түрлерінен ерекшелігін ұғынуы тиіс.
Курсты оқыту барысында күтілетін нәтижелер төмендегідей болмақ:
-Логикалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің қолданылу аясын кеңейтеді.
-Оқушылардың талпынғыштығын, тапқырлығын арттырады.
-Еңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үйретеді.
- Оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады.
- Үй жұмысына берілген логикалық тапсырмалар бойынша қорытынды мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады.
- Шығармашылыққа арналған логикалық есептер шешу оқушыды терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.
-Логикалық есептер шешу ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің қолданылу аясын кеңейтеді.
- Еңбексүйгіштікке және қойылған мақсатқа жету жолындағы табандылыққа үйретеді.
- Және оқушылардың ғылыми терминдерді ажырата отырып, тіл байлықтарын дамытуға үлес қосады.
Бағдарламаның іске асырылуын қорытындылауды төмендегідей іс –шаралар (нысандар) өткізу арқылы ұйымдастыруға болады.
-көрмелер
-пікірталастар
-рефераттар жазу
-буклеттер жасау
-үй жұмыстарында интернеттен қосымша материалдар алу, сөзжұмбақтар, ребустар құрастыру
-электрондық түрде слайдтар, рефераттар, көрсетілімдер дайындату
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
Тестік тапсырма,бақылау жұмысы, зачет тапсыру.
“Математикалық логика негіздері”
Бағдарламаға түсінік хат
Мектептің бүгінгі реформасы, қоғамның информатизациялануымен қатар, білімді гуманизациялануына бағытталған, оның мектептің алдына қоятын негізгі мақсаты – ақпараттық қоғамда күнделікті өмірге оқушыны дайындау.Оқушының бейімдік дайындалу кезеңінде маңызды роль интеграцияланған элективті деп аталатын курстар атқарады, олардың негізінде пән аралық және оқуға деген дара үйлестірімділік жатады. Тап осы мәселелерді шешу оқушының тағдырындағы ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылығын іске асыруды орындауға жағдай жасайды.Математикалық пәндер бағытының арасында кең интегративті мүмкіншіліктерге математикалық логика ие болады, өйткені жүйелі түрде ойлау, дәлелді ойлау, болжамдар жасау, жоққа шығарулар өздігінен келмейді – бұл іскерлікті логика ғылымы дамытады.
Сондықтан әмбебаб қолдануына, қызықтылығына байланысты, сонымен қатар математикалық логика негізінде жоғары абстрактілігіне байланысты қолданбалы курс барлық оқушыларға сөзсіз қызықты және пайдалы болуы мүмкін.Бір жағынан берілген курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан, информатикадан ертеде алған білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, математикалық объектілердің бірегейлігін, жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді (математикалық профильге дайындау), екінші жағынан математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әртүрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді (профильдердің техникалық, гуманитарлық және басқа түрлерінің таңдауына дайындау).
Қолданбалы курстің мазмұнының тап осы бағытты ұстануы сансыз көп логикалық есептердің шешілуін болжайды, өйткені есептер шығару – бұл тұрақты үйреніп және жақсы үлгілерге еліктеу арқылы келетін практикалық өнер. Психологияның оқытуы бойынша есептерді шығару қажеттілігі туындаған кезде ойлау пайда болады. Әрбір есеп міндетті түрде жауапты талап ететін сұрақпен аяқталады. Қойылған сұрақ ойды оятады, оқушының ойлау қабілетін дамытады. Қолданбалы курсқа кіретін барлық есептер, олардың дәлелдеулері оқушыларға қиындықтар тудырмайды, өйткені құрамында қиын есептеулері жоқ, ал әрбір алдынғы есеп келесіге дайындық және әрбір есеп қайталанбайтындай етіп, қарапайымнан күрделіге қарай, әуестілігі мен қызықтылығын сақтай отырып таңдалып алынған. Сондықтан да, бағдарламаны оқушылардың, соның ішінде, жақсы математикалық дайындығы жоқ әртүрлі топтары үшін қолдануға болады.Бағдарлама модульдік принцип бойынша құрастырылған, бір оймен біріктірілген екі блоктан тұрады
Бағыты: жаратылыстану-математика.
Жаңалығы, өзектілігі, педагогикалық мақсатқа лайықтығы: мамандыққа бағдарлау, оқушының логикалық мәдениет қалыптастырады.
Мақсаттары:
1. Қоғамның даму деңгейі жоғарырақ болса, соғұрлым адамның өзіне, оның даму деңгейіне, жалпы мәдениетіне жоғары талап қойылады. Қоғамдық өмірде болып жатқан процестер, кең ойлау мен талдау қажеттілігін, терең ойлау қабілеттілікті тудырады. Осы арада – логикаға ерекше мағына беріледі.оқушылардың өзектілік позициясынан өздеріне: ғылым сфераларында өз тағдырын өзі шешу, өнер техникасында, математикалық логика курсын оқу барысында бағыт таңдауға саналы түрде дайындау.
2. Білім қызметінің мамандандыру элементтерін еңгізу:
3.Оқушыда әр алуан пәнаралық байланыс арқылы математика туралы біртұтас ой қалыптастыру, логикалық есептерді шешу әдістері туралы ертерек алған білімдерін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
Міндеттері:
1.Оқушының ойын дамыту;
2. кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;
3. ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;
4. оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау, бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;
5. оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам және дұрыс орындау іскерлігін дамыту.
6. салмақты ойластырылған шешім қабылдауға, өзінің және өзгенің ойлау әрекеттері туралы дұрыс пікір білдіре білу, қарсы оппоненттердің ой жүгіртулеріндегі қателерді таба білу.
Ерекшелігі: Курсқа қатысатын оқушылардың жұмыс түрі күнделікті сабақтағы жұмысты үйымдастырудан өзгеше болуы керек: оқушыға ойлануға қажетті уақыт бере отырып, болжамдар жасауға үйрету.
Әрбір оқушы мұғалім және оқушының ролінде болып, өз жауабымен көршісінің жауабын бағалай алады, бөлек тапсырмалардың өзіндік орындалу, оқушыларды іздемпаздық және шығармашылық қызметке қосу, қасиеттер мен олардың дәлелдерін ұғыну, интуицияны дамытуға мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтижелері және оларды тексеру әдістері:
1.Курсты оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиісті:
2. парадокс және софизм ұғымдарын;
3. парадокстерден есеп “ қақпандардың ” айырмашылығы түсіну;
4. логикалық есептерді шешу тәсілдері: берілгендерді салыстыру, графтар,
5. схемалар және кестелер арқылы, мүмкін варианттарды таңдау;
6.ауызша түсіндіру,лекция,әңгіме ,семинар,оқытудың интерактивті тәсілі
Бағдарламаны іске асырылуын қорытындылау нысандары: слайдтар, сызбанұсқалар,кестелер,интерактивті оқыту құралдары.
![]() |
![]() |