Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы  (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая,  город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Курманалина Алтынай Сериковна Математика

                       

                        Курманалина Алтынай Сериковна, математика пәнінің мұғалімі

Авторлық бағдарлама

«Рационал сандарға амалдар қолдану»

факультатив бағдарламасы

 

 

 

 

Түсінік хат

     Бағдарламаның басты мақсаты – математика курсында  қарастырылған  алгебралық, геометриялық ой-өрісінің дамуы арқылы пәннің негізін сапалы меңгерту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Стандарт бойынша берілген қарапайым есептерден күрделі жағдайларға ауысу мысалдарын көрсету және деңгейлі есептерді шығара білу. Оқушылар күрделі тапсырмаларды орындап қана қоймай, математикадан терең білім алуға мүмкіндік береді.

   Алға қойған мақсаттарға жету үшін істелінетін жұмыстар бірнеше маңызды есептерді шешуге алып келеді.Оқушы факультатив курсының материалдарын меңгеру үшін:

  • есептердің қойылуын дәл түсініп, басқа адамдарға жеткізе білу;
  • қолданбалы есептерді тұжырымдай білу, оның математикалық моделін (сұлбасын) жасай білу;
  • есепті шешудің тиімді тәсілін таңдай білу немесе өз бетінше құра білу;
  • есептер шешу мен зерттеудің жаңа тәсілдерін өз бетінше меңгеру;
  • ғылыми газет-журналдармен және әдебиетпен жұмыс істей білу.

   Факультатив сабақтарын оқыту ісінде оқушылардың шығармашылық тапсырманы орындауына көбірек көңіл бөлуіне, өздігінен білім алуына дағдылануына мүмкіндік береді. Факультативтік сабақтар әдеттегі сабаққа ұқсамауға тиіс. Білімді тереңдету, оқушылардың ынтасы мен қабілетін дамыту, оларды бір кәсіпке бейімдеу міндеттері факультатив сабақтарында жүзеге асырылуға тиіс.Сабақ белгілі программамен, арнайы сабақ кестесімен жүргізіледі. Сабақты өту барысында теориялық материалдарға, практикалық тапсырмаларға, оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін тексеруге, бағалауға арналған өзіндік жұмыстар мен тест тапсырмаларын орындауға, қорытынды бақылау жұмыстарын жүргізуге арнайы сағаттар бөлінген.

Барлығы аптасына 1сағат, жылына 34сағат

             Жаңалығы, өзектілігі:

             Математика – өзiнiң мазмұнында сандар мен оларға қолданылатын амалдар, шамалар, есептер, геометриялық фигуралар , комбинаторика, статистика және ықтималдық теория элементтері өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын  кіріктірілген оқу пәні.

               Бiлiм берудiң негiзгi деңгейiндегi базалық пән ретiндегi математика бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, сызу, жаратылыстану және т.с.с. оқу пәндерiн) оқытудың алғы шарттарын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

              Оқу бағдарламасын жасау үшiн оқу материалының мазмұнын таңдауда және пәндi құруда: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішілік және пәнаралық интеграция, ыңғайлылық, оқушылардың жеке  жетістіктері мен шығармашылығы, ұстанымдары басшылыққа алынды.  Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға, жаңа амал-тәсілдерін анықтауға, жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

    Курстың мақсаттары: 

        – математикадан алған білімдерін тереңдету;

        – оқушылардың интеллектуалдық ойын дамыту;

        – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

        -  оқушыларға өз бетімен  жұмыс істеуге, еңбек етуге дағдыландыру;
                                                                                                                                           Курстың міндеттері:        

  • алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;

 

  • ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

 

  • математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту;

 

  • ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

 

  • әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету;

 

  • есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету;

 

  Курстың ерекшелігі:

             6 сыныпта математика курсын оқытуда жоспарланған оқыту нәтижелеріне жетуді қамтамасыз ететен пәннің оқу материалы мазмұнынының теориялық және практикалық құрамды бөліктерінің тиімді арақатынасы ұсынылады. Курсты оқытылатын оқу материалдары математиканы ары қарай оқытудың және сыбайлас пәндердi (физика, география, сызу және т.б.) оқытудың iргетасы болып табылады. Бұл курс өзiнiң қолданбалы және практикалық айқын бағыттылығымен ерекшеленедi және кейiнгi сыныптарда оқытуды жалғастыруға қажеттi бiлiктердi ғана емес, оқушыларға өмiрде қажет болатын маңызды практикалық бiлiктердi қалыптастырып дамытуды көздейдi.

 

 Күтілетін нәтижелер және оны тексеру әдістері:

 

    Курсты аяқтау барысында оқушылар  бағдарламаны меңгергендігі топтық,

    жеке жұмыс жасау кезінде, шығармашылық ізденістері арқылы байқалады. Пәнге деген қызығушылықтары арта түседі.

    Курстың соңында оқушылар деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмасын, бақылау жұмысын орындайды.
 

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

- рационал сандарды шапшаң қосу және азайту тәсілін білуі;

- мәтінді есептерді шешуде теңдеу құра алуды;

- пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, мәтінді есептерді шығаруды;

- жақшаны ашу, ұқсас қосылғыштарды біріктіруді білу;                                                         

- өрнектерді тепе-тең түрлендіруді білу;                                                                                          

- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді тиімді тәсілмен шығаруды білу;

  алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу.

 

 Пәнаралық байланыс:

  Сызу, физика, тарих


Текст