Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы  (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая,  город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Акпанова Сания Есеновна Физика

 

Бекітемін                                   Келісемін                                      Қаралды

Мектеп  директоры                  Оқу ісінің орынбасары                Бейінді оқыту орынбасары __________Д.Искакова            _________  Г.Оразова                  __________  С. Кусаинова

«5» қыркүйек 2019 жыл          «5» қыркүйек 2019 жыл                «3» қыркүйек 2019 жыл

 

 

 

 

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған

№ 3 облыстық  мамандандырылған мектеп-интернаты

 

 

 

 

 

 

 

 

ФИЗИКАЛЫҚ ПРАКТИКУМ

таңдау курс бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Сынып - 8

                                               Физика пәні мұғалімі: Акпанова С.Е.

                                           

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

 

ББК 74.262. 22 қаз.

А 37

 

 

Құрастырушы: Акпанова С.Е., физика пәнінің мұғалімі  Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

 

«Физикалық практикум» 8 сыныпқа арналған таңдау курс бағдарламасы

 

 

 

 

 

Рецензент: Құттықожаева Ш.Н.- физика және математика ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы                                                    

                     мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР Ұлттық  Инженерлік Академиясының Академигі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     «Физикалық практикум»  курс бағдарламасы  оқушыларға теориялық білімді практикалық есеп шығару арқылы тиянақтауға мүмкіндік жасайды.  Есептер шығара білу, алған білімді практикада қолданып, іске жаратуға, физикалық құбылыстарды тани білуге машықтандырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық  мамандандырылған

мектеп-интернаты ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында қарастырылып, бекітілді.  3 қыркүйек 2019 жыл , хаттама № 1

 

 

 

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған

№3 облыстық мамандандырылған мектеп- интернаты

           

 «Физикалық практикум» 8 сынып

таңдау курсының бағдарламасына

 

Р Е Ц Е Н З И Я

 

       Акпанова Сания Есенқызының «Физикалық практикум» атты таңдау бойынша пән бағдарламасымен танысып  шықтым. Жұмыстың   көкейтестілігі, маңыздылығы талас тудырмайды  және қазіргі заман талабына сай математика пәнін оқытудың жаңа  әдістемелік  жүйесін  құра  отырып,  жеке  оқушыны  жан-жақты  дамыту және оның ой-өрісін кеңейту мақсатына бағытталған. Жұмыс ережеге сай құрастырылған.

      Жұмыстың мақсаты, міндеттері, оқушыларға қойылатын талаптар, мазмұны мен құрылымы, оқу-тақырыптық жоспары, пайдаланған әдебиеттер тізімі қарастырылған. Жұмыс  теориялық  материалдар, практикалық  жұмыстар, оқушылардың курс  бойынша  алған  білімдерін  тексеруге, бағалауға  арналған  бақылау  жұмыстарымен қамтылған. «Физикалық практикум» тақырыбында құрастырылған таңдау бойынша пән бағдарламасы оқушылардың теориялық білімін  нығайтып, физикалық  заңдылықтарды терең біліп, дәлелдей алуға, өздігінен іздендіру арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау  мақсатында құрылған.

             Оқушылар  берілген тақырып бойынша күрделі  тапсырмаларды  орындап  қана  қоймайды, сонымен қатар оларға физикадан  терең  білім  алуға  мүмкіндігін  қарастырылған.

      Оқушылардың алған білімін  практикада  қолдана  білуіне  жол  ашатындығы  айқын. Оқу тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, жаңа технологияларды  тиімді  пайдаланған  жағдайда  оқушылардың  логикалық

ойлау  қабілеті  артып,  шығармашыл  тұлға  қалыптасады.  Осы жағдайларды ескере  отырып Акпанова Сания Есенқызының «Физикалық практикум»  атты бағдарламасы  барлық  талапқа  сай  жазылған  деп  есептеймін.

      Курс 8-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен басты оқу бағдарламасына негізделіп жасалған. «Физикалық практикум»» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

                         Рецензент: Құттықожаева Ш.Н.- физика және математика             

                                           ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы                                                     

                                           мемлекеттік университетінің профессоры,

                                                ҚР Ұлттық  Инженерлік Академиясының Академигі,

 

                                             

 

 

                                     

 

Мазмұны

 

 

1 Түсінік хат

 

2  Бағдарлама мазмұны

 

3  Күнтізбелік- тақырыптық жоспары

 

4. Курсты оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

 

5   Сабақ үлгілері

 

         1-сабақ.   Джоуль – Ленц заңына есептер шығару

 

         2-сабақ .  Жылу қозғалтқыштарының  ПӘК-ін анықтау

 

         3-сабақ.   Линза арқылы кескін алу

 

         4-сабақ.   Тізбек бөлігі үшін  Ом заңына есептер шығару

 

         5-сабақ    Отынның меншікті жану жылуын анықтауға есептер шығару

 

         6 – сабақ  Термодинамиканың бірінші заңына есептер шығару

 

         7 – сабақ  Электр сыйымдылығына, потенциалдар айырымын анықтауға

                          есептер шығару

 

 6  Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

 

 

Курстың түрі: пәндік- бағдарлы

Курс аптасына 1 сағат, бір жылға 34 сағат.

 Курстың мақсаты: 

1) берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын;

2)физиканың өндіріспен, техникамен және ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету;

3) пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке және ізденімпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін ,  арттыру.

   Курстың міндеттері:

1)       Физикалық ұғымдардың, заңдардың, теориялардың қолданылу шегі болатынын, физиканың техника-экономикалық, экологиялық проблемаларды шешудегі ролін түсіндіру.

2)                Пән бойынша игерген білімдері мен әртүрлі ақпарат құралдарынан алынған міліметтерді өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізетін ықпалын бағалау үшін қолдана білуге баулу.

3)                Практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп, алынған нәтижені бағалай алуға және кешенді есептерді шығара білуге үйрету болып табылады.Оқушылардың физикалық білімдерін тереңдету.

4)                Оқушыларды өз беттерімен терең ойлануға үйрету.

5)                Оқушылардың қосымша физикалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

6)                Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын технологиялар:

АКТ, тестік , деңгейлеп-саралау.

   Күтілетін нәтиже:

1.                 Физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.

2.                 Физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу.

3.                 Практикалық тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.

4.                 Техникалық ойлау және елестету қабілеттерін қалыптастырады, білімнің қолданылу аясын кеңейтеді.                                                                                         

5.      Зерттеу әдістерін жоспарлай білу, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайдай білу.

Курстың  бағдарламасы

 

Курс бағдарламасы барлығы 34 сағатқа жоспарланды.

           -теориялық материалдар;

          -практикалық жұмыстар;

          -бақылау тест жұмыстары;

          -қорытындылау  сабақтары  қамтылды.  

                  

І. Кіріспе (3 сағат)

Әртүрлі мазмұндағы есептерді таңдау,құру және шығару. Қызықты эксперименттік есептер шығару. Сапалы және мәтінді есептер. Тұрмыстық мазмұндағы есептер.

 

ІІ. Жылу құбылыстары (7 сағат)

Температураны әртүрлі шкала бойынша өрнектеу. Дененің ішкі энергиясын эксперименттік тәсілмен анықтау.Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтауға есептер шығару. Отынның меншікті жану жылуын , балқу жылуын,           булану жылуын анықтауға есептер шығару. Температуралары әр түрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін есептеу.

 

ІІІ. Электр құбылыстары (12 сағат)

Термодинамиканың бірінші заңына, жылу қозғалтқыштарының ПӘК-іне , Кулон заңына, электр өрісінің кернеулігіне есептер шығару. Электр сыйымдылығын, потенциалдар айырымын анықтау. Тізбек бөлігі үшін Ом заңына, Джоуль-Ленц заңына, Фарадей заңына есептер шығару тәсілдері. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

 

ІV. Жарық құбылыстары (9 сағат)

 Жарық құбылыстарына мысалдар келтіру. Жарықтың шағылуы, сынуы. Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы. Линза. Жазық айна. Линза арқылы кескін алу.  Көз. Көзілдірік. Оптикалық аспаптар.

 

VI. Өзіндік жұмыс. Сынақ. Тест (3 сағат)

                               

 

 

 

 

«Физикалық практикум» таңдау курсының

күнтізбелік-тақырыптық жоспары

(8-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

 

Лекция

Практика

Барлығы

Мерзімі

Өткізілу әдісі

 

І- тарау Кіріспе  (3 сағат)

 

1

Әртүрлі мазмұндағы есептерді таңдау, құру және шығару

+

 

1

 

лекция

2

Қызықты эксперименттік есептер шығару.

+

 

1

 

лекция

3

Сапалы және мәтінді есептер.Тұрмыстық мазмұндағы есептер

+

 

1

 

лекция

 

ІІ-тарау  Жылу құбылыстары  (7 сағат)

4

Температураны әртүрлі шкала бойынша өрнектеу

 

+

1

 

практикум

5

Дененің ішкі энергиясын эксперименттік тәсілмен анықтау

 

+

1

 

практикум

6

Заттың меншікті жылу сыйымдылы-  ғын анықтауға есептер шығару

 

+

1

 

практикум

7

Отынның меншікті жану жылуын анықтауға есептер шығару

 

+

1

 

практикум

8

Температуралары әр түрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін есептеу

 

+

1

 

практикум

9

Меншікті балқу жылуына есептер шығару

 

+

1

 

практикум

10

Меншікті булану жылуына есептер шығару

 

+

1

 

практикум

11

Қорытындылау. Тест алу

 

+

1

 

практикум

ІІІ-тарау  Электр құбылыстары (12 сағат)

12

Термодинамиканың бірінші заңына есептер шығару

 

+

1

 

практикум

13

Жылу қозғалтқыштарының

ПӘК-ін анықтау

 

+

1

 

практикум

14

Кулон заңына есептер шығару

 

+

1

 

практикум

15

Электр өрісінің кернеулігіне есептер шығару

 

+

1

 

практикум

16

Эксперименттік есептер

 

+

1

 

практикум

17

Электр сыйымды-   лығына, потенциалдар айырымын анықтауға есептер шығару

 

+

1

 

практикум

18

Эксперименттік есептер

1

+

1

 

практикум

19

Тізбек бөлігі үшін Ом заңына есептер шығару

 

+

1

 

практикум

20

Өткізгіштің меншік- ті кедергісін есептеу

 

+

1

 

практикум

21

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуға есептер шығару

 

+

1

 

практикум

22

Джоуль-Ленц заңына есептер шығару

 

+

1

 

практикум

23

Фарадей заңына есеп шығару

 

+

1

 

практикум

24

Қорытындылау. Тест алу

 

+

1

 

практикум

 

IV-тарау Жарық құбылыстары ( 9 сағат)

 

25

Жарықтың шағылу заңына есептер

 

+

1

 

практикум

26

Жарықтың сыну заңына есептер

 

+

1

 

практикум

27

Линза арқылы кескін алу

 

+

1

 

практикум

28

Жазық айнаның көмегімен кескін алу

 

+

1

 

практикум

29

Көз кемістігін түзетуді сипаттау жолдары

+

 

1

 

лекция

30

Есептер шығару

 

+

1

 

практикум

31

Эксперименттік есептер шығару

 

+

1

 

практикум

32

Сапалық есептер шығару

 

+

1

 

практикум

33

Есеп шығару

 

+

1

 

практикум

 

 

34

Қорытынды сабақ Тест алу

 

 

+

 

1

 

 

практикум

 

 

 

Сабақ үлгілері

 

1 – сабақ  Джоуль – Ленц заңына есептер шығару

Тексерілді:           

Оқу-ісінің орынбасары: Г.К.Оразова

Мектеп: ДБАОММИ  №3

Курс: Физикалық практикум

Мұғалімнің аты – жөні: С.Е.Акпанова

Сынып: 8А                Күні:

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Джоуль – Ленц заңына есептер шығару

Сабақ мақсаттары

-       Джоуль-Ленц заңын тұжырымдау.

-       Джоуль-Ленц заңын есептеуге арналған формуланы қорытып шығару  және деңгейлік тапсырмаларды орындауда қолдану.

-       Джоуль-Ленц заңын анықтауға байланысты эксперименттік тапсырмалар орындау

Бағалау критерийлері

-       Джоуль-Ленц заңын тұжырымдайды.

-       Джоуль-Ленц заңын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарады және деңгейлік тапсырмаларды орындауда қолданады.

-     Джоуль-Ленц заңын анықтауға байланысты эксперименттік тапсырмалар орындайды

Тілдік мақсаттар

 

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Ток күші- current

Кернеу-voltage

Электрлік кедергі- resistor

Электр тогының жұмысы- energy transformed

Электр тогының қуаты- electric power

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Джоуль-Ленц заңы: Өткізгіштен электр тогы өткен кезінде өткізгіш қызады. Өткізгіштен бөлініп шыққан жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіштің кедергісіне және токтың өту уақытына тура пропорционал.

Құндылықтар-ды дарыту

 

 

·    Мұғалім мен оқушының арасында және оқушылардың бір-бірімен  сабақ бойы ынтымақтастықта болады;

·    Мұғалім оқушыларды және  оқушылар бірін бірі әділ, әрі ашық бағалайды, бағалауларын негіздейді, кері байланыс береді.

Пәнаралық байланыстар

Джоуль-Ленц заңын қолданып есептер шығаруда математика пәнімен байланыс.

Бастапқы білім

 

Электр тогының жұмысы және қуаты. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы, кернеу, ток күші және кедергі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10-12 мин

1)  Өткен тақырыптар бойынша теориялық материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін физикалық диктант алу.

1.Ток күшінің анықтамасы айт және оның математикалық формуласын жаз. (I= )

2. Зарядтар орын ауыстырғанда өрістің электрлік күштерінің атқаратын жұмысын анықтайтын формуланы жаз.(A=Uq).

3. Ток күшінің анықтамасынан шығатын зарядтың формуласын жаз.(q=It).

4. Электр тогының жұмысын ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыт арқылы өрнекте. (A=IUt).

5. SI жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай анықталады? (1Дж=1А·1В·1с).

6. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып электр тогын анықтауға болатын тағы да екі формула

қорытып шығар. (A=I2·Rt; A= ).

7. Электр тогының қуатын қалай есептеуге болады? (P=UI)

8. SI жүйесінде қуаттың өлшем бірлігі қалай

анықталады? (1Вт=  ).

9.Өткізгіштерді тізбектей жалғанғанда қуатты қандай формуламен есептеген қолайлы? (P=I2Rt).

10. Өткізгіштерді параллель жалғанғанда қуатты

қандай формуламен есептеген қолайлы? (P= t ).

Мұғалім жауабын көрсетеді, оқушылар өзара бағалайды.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатына қарай оқушыларды бағыттайды.

2) Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге талқыланады

-       Джоуль-Ленц заңын тұжырымдау.

-       Джоуль-Ленц заңын есептеуге арналған формуланы қорытып шығару  және деңгейлік тапсырмаларды орындауда қолдану.

Ой қозғау

Өткізгіштің қызуы тек ток күшіне байланысты ма?

Мұғалім демострация көрсетеді

Кедергісі әр түрлі мыс ,болат және никелиннен жасалған сымды тізбектей жалғап ток көзіне қосады. Ток күшін біртіндеп арттырады. Тізбектей жалғағанда ток күші бірдей, бірақ өткізгіштерде бөлінетін жылу әртүрлі.

Оқушылар талқылайды және жылу кедергіге тәуелді екенін түсінулері тиіс.

Үлестірмелі материалдар

Сабақтың ортасы

12-22 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22-37 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

37-39 мин

3) «Ойлан – жұптас – бөліс» оқушылар жұпта талқылайды. Әр жұптың жауабына қарай мұғалім бағалау жүргізеді.

І жұп

1.     Электр тогының өткізгішті қыздыратының қалай түсіндіруге болады?

2.     Электр тогы бар өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшерін қандай формула бойынша есептеп шығаруға болады?

ІІ жұп

1.     Электр тогы бар өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшерін, Ом заңын пайдалана отырып, ток күші, өткізгіш кедергісі және уақыт арқылы қалай өрнектеп көрсетуге болады?

ІІІ жұп

2.     Қыздырғыш прибор рефлектордың спиралі бау және айыр істік арқылы розеткаға қосылған. Бау спиральға ток жеткізетін, сырты изоляцияланған сымдардан құралған. Спираль мен сымдар тізбектеле қосылған. Электр желісінен келетін кернеу өткізгіш сымдар мен спираль арасында қалай бөлінеді? Неліктен спираль қызады; ал сымдар қызбайды деуге болады?

ІҮ жұп

1.     Ұзындығы мен қимасы бірдей мыс, болат, никелиннен жасалған үш сым ток көзінің тізбегіне тізбектеп қосылған. Олардың қайсысы көбірек қызады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

Ү жұп

1.Өткізгіш сымдарды жалғастырғанда ұштарын бұрап бекіте салмай, неліктен оларды пісіріп жалғастырады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

2.     Джоуль Ленц заңы қалай тұжырымдалып айтылады? Неліктен бұл заң осылайша аталған?

Мұғалім оқушыларға кері байланыс жасай отырып толықтырулар жасайды немесе  басқа оқушылар жауапты толықтырады.

Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін Джоуль-Ленц заңын пайдаланып есептер шығарады.

4) Өздік жұмыс

1.   Кедергісі 12 Ом өткізгіш сым кернеуі 120 В электр желіге қосылған болса,   20 с ішінде сым арқылы қанша жылу бөлініп шығар еді?

 

2.         Қуаты 40 Вт шамның қыл сымы 2 сағ, ал қуаты 150 Вт шамның қыл сымы     3 мин бойы жарық шығарып тұрса, қайсы шамның жұмысы аз?

 

3.          Электр пеші кернеуі 220 В электр желісіне қосылғанда оның  орамасының бойынан 2 А ток өтеді деп алып, әр 10 мин сайын бөлініп шығатын жылу мөлшерін есепте?

 

4. Кернеуі 220 В желіге есептелген қуаты 600 Вт электр пешінің орамасын жасау үшін, көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 никелин сымынан неше метр алу керек? r=0,4

Оқушылар бағалау критерийлерін қолданып өзін- өзі бағалайды.

Бағалау критерийлері

тапсырма

Дескриптор

Жылу мөлшерінің формуласын есеп шығаруда қолданады.

1

Жылу мөлшерінің формуласын біледі;

Жылу мөлшерін анықтайды;

Қуат жұмыс және кедергі формулаларын есептер шығаруда қолданады.

2

Қуат формуласын біледі;

Жұмысты салыстырады;

3

Өлшем бірліктер ХБЖ келтірілген;

Жылу мөлшерін анықтайды

4

Өлшем бірліктер ХБЖ келтірілген;

Кедергі және қуат формулаларын біледі;

Сымның үзындығын анықтайды

 

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

Сабақтың соңы

39-40 мин

5) Оқушылардан кері байланыс алу. (ет турағыш, чемодан, себет)

6) Үйге  тапсырма .

1.     Электр тізбегінің ток күші  2А ге тең, кедергісі 100 Ом болатын реостаттан 1 сағаттың ішінде қанша жылу мөлшері бөлінеді?

2.     Ток күші 3,5 А, кернеуі  220 В қа тең розеткаға қосылған электрплитасының спиралі 690 кДж жылу бөлді. Плита тізбекке қанша уақыт қосулы болды?

3.     Металды балқытуға арналған электр пешінде 60 В  кернеу болғанда, 800 А токты тұтынады.  1 мин ішінде электр пешінде қанша  жылу мөлшері бөлінеді?

4.     Электр жылытқышы 2 мин  ішінде қанша жылу мөлшерін бөледі, егер оның кедергісі 20 Ом, ал тізбектегі ток күші 6 А тең болса?

Таратпа материал

           

 

Оқу мақсаты: 8.4.2.13 –Джоуль Ленц заңын есептер шығаруда қолдану.

Физикалық диктант

1.Ток күшінің анықтамасы айт және оның математикалық формуласын жаз.

2. Зарядтар орын ауыстырғанда өрістің электрлік күштерінің атқаратын жұмысын анықтайтын формуланы жаз.

3. Ток күшінің анықтамасынан шығатын зарядтың формуласын жаз

4. Электр тогының жұмысын ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыт арқылы өрнекте

5. SI жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай анықталады?

6. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып электр тогын анықтауға болатын тағы да екі формула қорытып шығар.

7. Электр тогының қуатын қалай есептеуге болады?

8. SI жүйесінде қуаттың өлшем бірлігі қалай анықталады?

9.Өткізгіштерді тізбектей жалғанғанда қуатты қандай формуламен есептеген қолайлы?

10. Өткізгіштерді параллель жалғанғанда қуатты қандай формуламен есептеген қолайлы?

«Ойлан – жұптас – бөліс»

І жұп

3.     Электр тогының өткізгішті қыздыратының қалай түсіндіруге болады?

4.     Электр тогы бар өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшерін қандай формула бойынша есептеп шығаруға болады?

ІІ жұп

3.     Электр тогы бар өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшерін, Ом заңын пайдалана отырып, ток күші, өткізгіш кедергісі және уақыт арқылы қалай өрнектеп көрсетуге болады?

ІІІ жұп

4.     Қыздырғыш прибор рефлектордың спиралі бау және айыр істік арқылы розеткаға қосылған. Бау спиральға ток жеткізетін, сырты изоляцияланған сымдардан құралған. Спираль мен сымдар тізбектеле қосылған. Электр

5.     желісінен келетін кернеу өткізгіш сымдар мен спираль арасында қалай бөлінеді? Неліктен спираль қызады; ал сымдар қызбайды деуге болады?

ІҮ жұп

3.     Ұзындығы мен қимасы бірдей мыс, болат, никелиннен жасалған үш сым ток көзінің тізбегіне тізбектеп қосылған. Олардың қайсысы көбірек қызады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

Ү жұп

1.Өткізгіш сымдарды жалғастырғанда ұштарын бұрап бекіте салмай, неліктен оларды пісіріп жалғастырады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

4.     Джоуль Ленц заңы қалай тұжырымдалып айтылады? Неліктен бұл заң осылайша аталған?

Өздік жұмыс тапсырмалары:

4.   Кедергісі 12 Ом өткізгіш сым кернеуі 120 В электр желіге қосылған болса,   20 с ішінде сым арқылы қанша жылу бөлініп шығар еді?

 

5.         Қуаты 40 Вт шамның қыл сымы 2 сағ, ал қуаты 150 Вт шамның қыл сымы     3 мин бойы жарық шығарып тұрса, қайсы шамның жұмысы аз?

6.          Электр пеші кернеуі 220 В электр желісіне қосылғанда оның  орамасының бойынан 2 А ток өтеді деп алып, әр 10 мин сайын бөлініп шығатын жылу мөлшерін есепте?

4. Кернеуі 220 В желіге есептелген қуаты 600 Вт электр пешінің орамасын жасау үшін, көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 никелин сымынан неше метр алу керек? r=0,4

Үйге тапсырма

5.     Электр тізбегінің ток күші  2А ге тең, кедергісі 100 Ом болатын реостаттан 1 сағаттың ішінде қанша жылу мөлшері бөлінеді?

6.     Ток күші 3,5 А, кернеуі  220 В қа тең розеткаға қосылған электрплитасының спиралі 690 кДж жылу бөлді. Плита тізбекке қанша уақыт қосулы болды?

7.     Металды балқытуға арналған электр пешінде 60 В  кернеу болғанда, 800 А токты тұтынады.  1 мин ішінде электр пешінде қанша  жылу мөлшері бөлінеді?

8.     Электр жылытқышы 2 мин  ішінде қанша жылу мөлшерін бөледі, егер оның кедергісі 20 Ом, ал тізбектегі ток күші 6 А тең болса?

 

 

 

 

2-сабақ   Жылу қозғалтқыштарының  ПӘК-ін анықтау

 

Тексерілді:          

Оқу ісінің орынбасары: Г.К.Оразова

Мектеп: ДБАОММИ №3

Курс: Физикалық практикум

 

Мұғалімнің аты-жөні: С.Е.Акпанова

Сынып: 8 А                Күні:

Қатысқан оқушы саны:

 

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақ тақырыбы:

Жылу қозғалтқыштарының  ПӘК-ін анықтау

 

Сабақ мақсаты

1. Жылу машиналарының жұмыс істеуі қандай шамаларға тәуелді екенін анықтау.

2. Жылу қозғалтқыштарының  пайдалы жұмыс ұғымының маңызын түсіну.

3. Күн , жел , су және электр тогынан энергия көздерін жылу машиналарына қолдану.

4. Есеп шығаруда  пайдалы әрекет  коэффициентін анықтау.

Бағалау критерийі

1. Жылу машиналарының жұмыс істеуі қандай шамаларға тәуелді екенін анықтай алады

2. Жылу  қозғалтқыштарының  пайдалы жұмыс ұғымын, маңызын айта алады.

3. Күн, жел, су ,және электр тогынан энергия көздерін жылу машиналарына қолдана алады.

4. Есеп  шығаруда  пайдалы әрекет коэффицентін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік сипаттағы лексика мен терминдер: Жылу машинасы, жылу қозғалтқышы,тоңазытқыш, қондырғы , мұздатқыш,поршень, цилиндр, ішкі энергия  генератор.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының  индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу - Қазақстанның өңірлік жəне жаһандық бəсекеге қабілетті ел болуы үшін өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан оқушылардың  шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Пән аралық байланыс

Математика- есептер шығару. Химия-отын түрлері

Алдыңғы білім

Іштен жанатын қозғалтқыштардың құрылымы мен жұмыс істеуін білу.

 

       

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар

Сабақтың

басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына мән беріп, оқу құралдарын тексеру.

1. Үй жұмысын тексеру.«Қар кесегі» әдісі. арқылы  окушылар  параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.

 1.Іштен жанатын қозғалтқыш қандай қозғалтқыш?

2.Автокөліктерде көбіне қандай іштен жанатын қозғалтқыштар пайдаланады.

3. Іштен жанатын қозғалытқыштың жұмыс істеу принципі.

4. Жылу қозғалтқыштар дегеніміз не?

5. Жылу қозғалтқыштарының түрлері.

6. Тоңазытқыш қондырғылары.

 

Дескриптор:

- іштен жанатын қозғалтқыш түрлерін білді

- іштен жанатын қозғалқыштың қызметін айта алады.

-жұмыс істеу принципін сипаттайды.

 

2. Жаңа сабақ.

Карусель әдісі

Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін «Карусель» әдісін пайдалану, оқушылар жаңа тақырыпты өздері оқып, түсінгендері бойынша барлық жағдайды көршісіне айтады. Бұл әдіс арқылы оқушылар  жұмыс жасайды

3. Әріптерден формула құрастыру әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

%

 

 

 

 

 

4. «Конверт» әдісі арқылы  оқушылар  берілген  есептерді шығарады. Тиімділігі бірнеше есеп шығарылады.

 

1. Егер турбинаға температурасы 480 0С бу еніп сыртқа шыққанда 300 0С қа дейін суитын болса, онда бу турбинасының ПӘК-і неге тең.

2. Автокөліктің ПӘК-і 20% және 30 минутта 1,5кг жанармай жағады. Автокөлік моторының қуатын анықтаңыз.

3.Қыздырғыштың ПӘК-і 80 пайыз. Егер 4кг суды 10 градустан 100 градусқа дейін 30 минут ішінде қыздыра алатын болса,150В кернеуге есептелген қыздырғыш орамасындағы ток күшінің мәні қандай болады?

4.Қыздырғышы 227 0С салқындатқышы 27 0С жылу машинасының ПӘК-і неге тең?

Идеал жылу машинасы қыздырғыштан алған әрбір 1000ДЖ пайдалы жұмыс жасайтын болса, бұл жылу машинасының ПӘК-і неге тең?

 

Дескриптор: 1.Берілген шартын жаза алады.

2. Формуланы біледі, түрлендіреді

3. Есепті алгоритімдік түрде орындайды.

 

5. "Қосу алу  қызықты" әдісі

+

-

+

 

 

 

 

 

Оқулық, оқу құралдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 – сабақ: Линза арқылы кескін алу

 

Тексерілді:            

Оқу ісінің орынбасары: Г.К.Оразова

Мектеп: ДБАОММИ №3

Курс: Физикалық практикум  

Мұғалімнің аты-жөні: С.Е.Акпанова

Сынып:8 А      Күні:

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Линза арқылы кескін алу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар білуі керек:

- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттауды;

- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтауды;

- жұқа линзада кескін алуды және оны сипаттауды.

Бағалау критерийлері

- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттайды;

- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтайды;

- жұқа линзада кескін алуды және оны сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек

Пәнге тән лексика мен терминология:

жұқа линза, жинағыш линза, шашыратқыш линза, дөӊес линзалар, ойыс линзалар, линзаныӊ оптикалық центрі, линзаныӊ бас оптикалық осі, линзаныӊ бас фокусы, линзаныӊ фокустық қашықтығы, линзаныӊ фокальдық жазықтығы, линзаныӊ оптикалық күші.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Линза- екі сфералық бетпен шектелген мөлдір дене. Линзалардыӊ екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.

Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердіӊ центрлері арқылы өтетін түзу линзаныӊ бас оптикалық осі деп аталады.

Бас оптикалық осьтіӊ бойында және линзаныӊ центрінде жатқан нүкте линзаныӊ оптикалық центрі деп аталады. Жинағыш линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан сына өтіп бас оптикалық осьтіӊ бір нүктесінде жиналады. Бұл нүкте линзаныӊ бас фокусы деп аталады.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Есептеулер жүргізгенде математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

 

Жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдануды біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

0-3 мин

1)    Ой қозғау.


Берілген суреттің қатесін табыңдар

 

Оқушылар линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель түскен сәулелер линзадан сынғаннан кейін линзаның бас фокусында (шын фокус) қиылысатынын білуі тиіс.

Бас оптикалық оське параллель түскен сәулелер шашыратқыш линзадан сынғаннан кейін  сәулелердің жалған жалғасы линзаның фокусында (жалған фокус) қиылысатынын білуі тиіс

 

Сабақтың ортасы

 

3-13 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-35 мин

2)                Түсіндіру. Оқушыларға жинағыш және шашыратқыш линзада кескін алуды бір мысалмен түсіндіреміз. Пайда болған кескінді сипаттаймыз.

 

 

3) Сабақты бекіту. Оқушылар теориялық білімді қолдану

дағдысын тексеру үшін тест тапсырмаларын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

Сабақтың соӊы

35-40 мин

4) Рефлексия.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

5) Үйге тапсырма: Физика және астрономия. 8-сынып. Алматы «Мектеп» 2008.

§ 70, 71  218-223 бет. 31-жаттығу.

 

               

 

 

Линзаның көмегімен кескiн алу

Оқу мақсаты:  Жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру

Тест тапсырмалары:

1.  
Үш жарық сәулесі суретте көрсетілгендей жинағыш линзаға түседі.


Қай суретте линза арқылы өткен сәулелердің жүрісі дұрыс көрсетілген?

2.   Қай суретте фотоаппарат линзасы арқылы өткен сәулелер дұрыс көрсетілген?

 

3.           
Суретте сәулелер жүрісі жинағыш линзада кескіннің пайда болғанын көрсетіп тұр.

Линзаның фокус аралығы анықтаңыз.

 

А) 24 см         В) 18 см          С) 10 см              Д) 8 см

 

4.   Жинағыш линза туралы қай тұжырым дұрыс емес?

 

А) Линзаның бас оптикалық осіне параллель сәуле сынғаннан кейін бас фокустан өтеді.

В) Линза арқылы сынған барлық сәулелер бас фокус арқылы өтеді.

С) Линзаның оптикалық центрі және бас фокусы арасындағы қашықтық фокус аралығы деп аталады.

Д) Линзаның бас фокусы бас оптикалық осьте жататын нүкте.

 

5.  
Жарық шығарушы саңылаудың фокусталған кескінін алу үшін X және Y екі жұқа жинағыш линзалар қолданылды. X және Y линзалары арасында сәулелер ӛзара параллель.

 

X және Y линзаларының фокус аралықтарының дұрыс мәндері жазылған жауапты анықтаңыз.

 

X линзаның фокус

аралығы / см

Y линзаның фокус

аралығы / см

А

50

35

В

30

15

С

30

20

Д

20

20

 

6.  
Жұқа жинағыш линза көмегімен кескін пайда болды.

Кескіннің сипаттамасы қандай және ол экранда пайда болама?

 

Кескіннің сипаттамасы

Экранда пайда болама?

А

Жалған

Жоқ

В

Жалған

Ия

С

Шын

Жоқ

Д

Шын

ия

 

7.   Жарықтың параллель шоқтары жинағыш линзаға түседі. Жарық шоқтарының жүрісі қай жауапта дұрыс көрсетілген.

 

 

 

8.   
Май шамның экранда фокусталған кескінін алу үшін жұқа жинағыш линза қолданылды.

 

Линзаны және экранды алдыға және артқа қозғалту арқылы экранда әртүрлі фокусталған кескіндер алынды. Қай тұжырым әрдайым дұрыс болады?

 

А) кескін линзаның бас фокусында болады

В) кескін объектіге қарағанда үлкенірек

С) кескін объектіге қарағанда линзаға жақынырақ

 Д) кескін тӛңкерілген

9.   
Оқушы Р нүктесінен шығатын үш жарық сәулесін жинағыш линза арқылы өткізді. Линзаның бас фокустары F әрпімен белгіленген.

Қай сәулелер дұрыс сызылған? А) X және Y сәулелері

В) X және Z сәулелері С) тек қана Y

Д) тек қана Z

 

10.     
Суретте ОР қашықтығы линзаның фокус қашықтығы болып табылады. Линзадан сынғаннан кейін жарық қай нүкте арқылы өтеді?

 

11.     О  объекті  фокус  қашықтығы    f    болатын жинағыш линзаның алдында орналасқан.


Кескіннің жоғарғы жағы (басы) қай нүктеде көрінуі мүмкін?

12.   Суретте линзаның бас фокусы арқылы өтіп жатқан жарық сәулесінің жүрісі көрсетілген.


Сәуленің линзадан өткеннен кейінгі дұрыс бағытын қай үзік сызық көрсетеді?

 

13.   Объект жинағыш линза алдында орналасқан. Линзаның фокус қашықтығы f. Линза объектінің шын, үлкейтілген кескінін пайда етеді.


Объект қай нүктеде орналасқан?

 

14.    
Жинағыш линза көмегімен объектінің экранда пайда болған кескіні қай суретте дұрыс кӛрсетілген?

15.     Қандай жағдайда жинағыш линза объектінің жалған кескінін береді?

 

А) объект линзамен оның бас фокусының арасында орналасатын болса

В) объект линзаның бас фокусында орналасатын болса

С) объект линзаның бас фокусымен екі еселенген фокус арасында орналасатын болса

Д) объект екі еселенген фокустан арыда орналасатын болса

16.     Фокус қашықтығы 10 см болатын жинағыш линзадан 30 см қашықтықта объект орналасқан. Кескіннен линзаға дейінгі қашықтықты анықтаңыз.

 

А) 30 см

В) 10 см

С) 20 см

Д) 15 см

 

 

 

 

 

 

Тест тапсырмаларының жауаптары

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жауабы

С

В

С

В

В

Д

Д

Д

А

А

11

12

13

14

15

16

 

Жауабы

С

В

В

С

А

Д

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 – сабақ: Тізбек бөлігі үшін  Ом заңына есептер шығару

 

Тексерілді:             

 Оқу ісінің орынбасары: Г.К.Оразова

Мектеп:  ДБАОММИ №3

 

Курс: Физикалық  практикум

Мұғалімнің аты-жөні: С.Е.Акпанова

 

Сынып: 8А

Күні:

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспа-ған оқушы саны:

 

Сабақтың тақырыбы

Тізбек бөлігі үшін  Ом заңына есептер шығару

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үйренуі тиіс:

Кедергі, кернеужәне ток күшінің байланысын біледі.

Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын графиктік және сандық есептерде қолданады.

Кейбіреулероқушыларүйренуітиіс:

Ом заңын, Ток күшінің , кедергінің формуласын есеп шығаруда қолданады.

 

 

 

Бағалау критерийлері

Оқушы

Ток күшінің кернеуден және кедергіден тәуелділігін сипаттайды;

График бойынша кедергіні анықтайды;

Есеп  шығаруда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданады.

 

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар Ом заңын ауызша тұжырымдайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

ХБЖ; электр заряды; электр өрісі; электр тогы; ток күші; кернеу; тізбек элементтері; амперметр; вольтметр, мультиметр

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Амперметр тізбекке... тізбектей жалғанады (қосылады)

Вольтметр тізбекке... параллель жалғанады (қосылады)

 Кернеудің ток күші тәуелділігі ... көрсетеді

ВАС графигіндегі сызықтың тангенсі ... тең

 

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақта оқушылар жұпта жұмыс жасауға және сыни ойлауға дағдыланады.

 

Пәнаралық байланыстар

Тізбектегі токты және кернеуді есептеу барысында, тәуелділік графиктерін сипаттауда математика пәнімен байланыс

 

Бастапқы білім

тұрақты  температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелейді және түсіндіре алады.

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған әрекеттері

Ресурстар

 

Сабақтың  басы

1-5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-10 мин

1) Оқушылардың шапшаңдығын және теориялық материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін ауызша сұрақтар беріледі.

 Тапсырма "Иә" немесе "жоқ"

1.  Аттас заряттар бір-бірімен тартылама ма? (жоқ)

2.  Ток күшінің өлшем бірлігі омметр. (иә)

3.  Электр кернеуін өлшейтін құрал амперметр (жоқ)

4.  Ток күшін өлшейтін құрал амперметр (иә)

5.  Электр тогының магниттік әсері болама ма? (иә)

6.  Әр аттас заряттар бірін-бірі тебеме? (жоқ)

7.  Электр кернеуінің өлшем бірлігі Ом (жоқ)

8.  Электр кернеуінің өлшем бірлігі вольт (иә)

9.  Кедергіні R-әрпімен белгілей ме? (иә)

10.            Кедергінің өлшем бірлігі секунд (жоқ)

11.            Кедергіні өлшейтін құрал реостат (иә)

12.            Электр тогының химиялық әсері болама ма? (иә)

Жауаптарын мұғалім айтады, оқушылар өзара бағалау жүргізеді.Оқушылардың жауаптарына мұғалім кері байланыс жасайды.

2) Ой қозғау. Ток күші кернеуден қалай тәуелді? Ток күші басқа қандай шамаға тәуелді болады?

Оқушылар өткен сабақтағы зертханалық жұмыс нәтижесін қолданып, Ом заңын тұжырымдайды.

 

Таратпа материал

 

Сабақтың ортасы

10-30 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30-35 мин

 

3) Қолдану дағдысын дамыту үшін, оқушылар Ом заңын қолданып жұпта есептер шығарады

Тапсырмалар:

1. Кернеу 220 В, ток күші 0,25 А болғанда, өткізгіш кедергісі қанша?
2. Электр үтігі 220 В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болса, ондағы ток күші қандай?
3. 30 Ом өткізігіштің ток күші 0,6 А, ұштарындағы кернеуін анықтаңыздар.

4. Суретте екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген.Қай өткізгіштің кедергісі үлкен?

 

5. Суретте үш өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген. Әрқайсының кедергісін анықтаңдар

 

6. Кедергілері 5 және 15 Ом болатын екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызыңдар

7. Тізбектің бір нүктесінен екінші нүктесіне 120 Кл зарядт тасымалдау үшін 8 мин ішінде 600 Дж жұмыс атқарылды.Тізбектегі ток күші мен кернеуді анықтаңдар.

8. Өткізігіштің ұштарындағы кернеу 15В. Егер 20с ішінде 150 Дж жұмыс атқарылса, өкізігіштегі ток күші қандай?

Бағалау критерийлері

•         Ом  заңын біледі және қолданады

•         Кедергілерді салыстырады

•         Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызады

•         Ток күшін және электр кернеуін біледі және қолданады

Әр оқушы өзін-өзі тексереді, оқушылар өзара кері байланыс жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ соңы

35-40 мин

4)  Рефлексия: (пойыздың вагондары сабақтың кезеңі  )

 

 5) Үй жұмысы§38 оқу 18- жаттығу

 

 
         

 

 

Сабақ тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін  Ом заңы

Оқу мақсаты: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын есептер шығаруда қолдану

Тапсырма "Иә" немесе "жоқ"

13.             Аттас заряттар бір-бірімен тартылама ма?

14.             Ток күшінің өлшем бірлігі омметр.

15.             Электр кернеуін өлшейтін құрал амперметр

16.             Ток күшін өлшейтін құрал амперметр

17.             Электр тогының магниттік әсері болама ма?

18.             Әр аттас заряттар бірін-бірі тебеме?

19.             Электр кернеуінің өлшем бірлігі Ом

20.             Электр кернеуінің өлшем бірлігі вольт

21.            Кедергіні R-әрпімен белгілей ме?

22.            Кедергінің өлшем бірлігі секунд

23.            Кедергіні өлшейтін құрал реостат

24.            Электр тогының химиялық әсері болама ма?

Тапсырмалар:                                                                                                                                               1. Кернеу 220 В, ток күші 0,25 А болғанда, өткізгіш кедергісі қанша?
2. Электр үтігі 220 В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болса, ондағы ток күші қандай?
3. 30 Ом өткізігіштің ток күші 0,6 А, ұштарындағы кернеуін анықтаңыздар.

4. Суретте екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген.Қай өткізгіштің кедергісі үлкен?

 

5. Суретте үш өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген. Әрқайсының кедергісін анықтаңдар

 

6. Кедергілері 5 және 15 Ом болатын екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызыңдар

7. Тізбектің бір нүктесінен екінші нүктесіне 120 Кл зарядт тасымалдау үшін 8 мин ішінде 600 Дж жұмыс атқарылды.Тізбектегі ток күші мен кернеуді анықтаңдар.

8. Өткізігіштің ұштарындағы кернеу 15В. Егер 20с ішінде 150 Дж жұмыс атқарылса, өкізігіштегі ток күші қандай?

 

5 – сабақ : Отынның меншікті жану жылуын анықтауға есептер шығару

Тексерілді:            

Оқу ісінің меңгерушісі: Г.К.Оразова

    Мектеп: ДБАОММИ №3

  Мұғалімнің аты-жөні: Акпанова С.Е.

   

Курс: Физикалық практикум

 

Сынып: 8А        Күні:

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны

Сабақтың тақырыбы

Отынның меншікті жану жылуын анықтауға есептер шығару

Сабақтың мақсаты

Түрлі деңгейдегі есеп шығаруды үйрену, оның ішінде жану жылудың, балудың, буланудың, мөлшердің формулаларын қолдана отырып

Сабақтың міндеттері

·         булану мен конденсация процесінде болатын процесті МКТ тұрғысынан білу.;

·         меншікті булану жылу мәнінің соншалықты көп болатынын білу.

·         Түрлі сұйықтың булануы түрліше болатынына көз жетізе алу;

·         Энергияның түрленуін процестерде қолдана білу

Тілдік мақсаттар

Жылулық тепе-теңдікке қатысатын .

Тілді дамытуға берілетін терминдер:

булану – испарение – evaporation

конденсация– конденсация – condensation

меншікті – удельная – specific

жылу – тепло –heat

Алдыңғы білім

жылу мөлшері, жылу сыйымдылық жану, балқу тақырыптарын меңгерген, формулаларын біледі. Процестегі жылу алмасуға мысал келтіре алады

Сабақ барысы

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Ресурстар

Басы

5 мин.

1.     Ұйымдастыру кезеңі:

Тесттік тапсырмалар.

Қосымша №1

5-10 мин.

Үй тапсырмасын тексеру

Жылулық құбылыстарға кесте құру.

Қосымша №2

Ортасы

10-30 мин

Жаңа сабақтың мазмұны:

Есептер шығару

 

Б.А.Кронгарт «Физика» есептер шығару

30-40 мин

Жаңа сабақты бекіту:

Жылу құбылыстар сырын ашатын мақал мәтелдер»

Қосымша №3

Басы

40-50мин

гейм. «Бой сергіту».

.

Қосымша №4

Ортасы

50-70мин

Есеп шығару.

Б.А.Кронгарт «Физика» есептер шығару

 

70-78 мин

Өзін өзі тексеру

Жауап парағы

Соңы

78-80 мин

Үй тапсырмасы № №25-30

Ж.О.Бақынов

         

 

Қосымша №1

 

1.Екі дене арасында болатын жылу алмасу кезіндегі жылулық тепе - теңдіктің орнауына негізделген әдіс:
А. Уақытты өлшеу әдісі
В. Көлемді өлшеу әдісі
С. Температураны өлшеу әдісі
Д. Қысымды өлшеу әдісі
2. Жылулық қозғалыстың толық теориясын қай жылы, кімдер жасады?
А. 1905 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Смолуховкий
В. 1903 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Ломоносов
С. 1905 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Ломоносов
Д. 1903 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Смолуховский
3. Химиялық энергия, атом энергиясы, ядроның ішкі энергиясы энергияның қай түріне жатады?
А. механикалық
В. потенциалдық
С. кинетикалық
Д. ішкі
4. Ішкі энергияның өзгерісіне мысал болатыны:
А. мыс кесегін балғамен бірнеше рет соғу
В. кеседегі шайға қант салу
С. оқушының сабаққа дайындалуы
Д. үстеу бетіне балғаны қою
5. Не себепті температурасы (- 780) құрғақ мұз кесегін алақанымызға ұстай аламыз?
А. сұйықтардың жылу өткізгіштігі нашар болғандықтан
В. газдардың жылу өткізгіштігі нашар болғандықтан
С. қатты денелердің жылу өткізгіштігі нашар болғандықтан
В. газдардың жылу өткізгіштігі жақсы болғандықтан
6. Атмосферадағы конвекциялық ағындардың пайда болуына мысал болатыны:
А. жауын-шашынның себелеуі
В. су құбырынан аққан су ағыны
С. қардың бетінде шаңғымен сырғанау
Д. желдің теңізден құрлыққа қарай соғуы және жағадан теңізге қарай соққан самалдың пайда болуы
7. Металл бөлшекті егеумен өңдесе қызады. Осы жағдайда металл бөлшекке белгілі бір жылу мөлшері берілді деп айтуға болама?
А. болмайды, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде емес, жұмыс жасағанда ғана артады
В. болмайды, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде артады
С. болады, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде емес, жұмыс жасағанда ғана артады
Д. болады, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде артады
8. Жану кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі жылу алмасу арқылы емес, отынмен байланысты болатын жылу...
А. физикалық құбылыстар есебімен жүреді
В. жылулық құбылыстар есебімен жүреді
С. химиялық құбылыстар есебімен жүреді
Д. механикалық құбылыстар есебімен жүреді
9. Массасы 5 кг бензин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді (qбен=4, 6*107Дж/кг)
А. 23*105 Дж
В. 23*105 кДж
С. 2, 3*105 Дж
Д. 2, 3*105 кДж
10. Механикалық энергиямен ішкі энергияның қосындысын қандай энергия деп атайды?
А. толық энергия
В. механикалық
С. кинетикалық энергия
Д. потенциалдық

 

Қосымша №2

Заттың жылуын есептеу түрі

Қандай параметр тұрақты қалады

Қандай процес өтеді

1

Жылу мөлшері

меншікті

Қызу және суу

2

Жану жылуы

меншікті

жану

3

Балқу жылуы

Меншікті және температура

Балқу және кристалдану

4

Булану жылуы

Меншікті және температура

Кебу, булану, конденсация

Қосымша №3.

1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.

Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.

2.Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.

Қыста уйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.

3.Нан піскенше күлше күйеді.

Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.

4.Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен.

Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді.

 

Қосымша №4.

1 Жылу берілудің түрлері (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)

2. Кондесация кезінде дененің ішкі энергиясы қалай өзгереді?(Төмендейді)

3 Сұйықтың кебу жылдамдығы неге байланысты? (сұйық бетінің ауданына, тегіне, температурасына)

4. Егер су құйылған стақанды жылы бөлмеден температурасы 00С болатын басқа бөлмеге ауыстырса, ондағы су булана ма? (Ия)

5. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)

6. Сұйықтың барлық көлемінде жүретін булану (қайнау)

7. Неге қыстың аязында адамның сақал мұртына қырау қатады? (Бу конденсацияланады, содан кейін кристалданады.)

8. Ылғалдылықты өлшейтін құрал (психрометр)

9. Табиғаттағы ең төменгі шектік температура -273 0С-қа тең, ол не деп аталады? (температураның абсолют нөлі)

10. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын бу (қанықпаған бу)

11. Бір стақанда ыстық және екіншісінде суық су бар. Осы екі стақандағы сулардың ішкі энергиялары бірдей ма?(Бірдей емес)

12. Температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал (термометр)

13. Сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналуға қажетті жылу (меншікті булану жылуы)

14. Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу (қаныққан бу)

15. Салмақсыздық кезінде жылу беріле ме? (Жоқ)

16. Булану деп нені айтады?(Сұйықтың буға айналуы)

17. Жылу өткізгіштігіне қарай заттар нешеге бөлінеді? (нашар, жақсы өткізгіштер, диэлектриктер)

18. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралағына ену құбылысы (диффузия)

19. Аяздан жылы бөлмеге кірген адамның көзілдірлігі неге терлейді? (Ылғалдылық жоғары болғандықтан)

20. Қатты денелерде және вакуумде конвекция процессі жүрмейді. Неліктен? (Жылу ағын арқылы беріледі )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 – сабақ:  Термодинамиканың бірінші заңына есептер шығару

 

Тексерлді:              

Оқу ісінің орынбасары: Г.К.Оразова

Мектеп: ДБАОММИ №3

Курс : Физикалық практикум

Мұғалімнің аты-жөні: С.Е.Акпанова

Күні:                  Сынып: 8 А

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Термодинамиканың бірінші заңына есептер шығару

Мақсаты

  • Термодинамика заңын түсіну қолдана білу
  • Заңдылықтың маңыздылығын түсіну
  • Техникадағы өмірмен байланыстылығын түсіне қолдану жолдарының маңыздылығын сараптай білу

Сабақтың мақсаты

  • Физикалық шамалардың және ұғымдардың мәнін білу,жылу құбылыстарын зерттеудің тәсілдері;
  • Термодинамикалық жүйе жайында түсінік қалыптастыру, термодинамиканың бірінші заңының физикалық мағынасы;
  • Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану,

термодинамиканың екінші заңының физикалық мағынасын түсіндіру;

  • Жылу двигателдері туралы түсінік қалыптастыру;
  • Игерген білімдерін термодинамикалық процестерді түсіндіруде, сипаттауда, талдауда қолдана білу;
  • Термодинамикалық жүйе ,жылулық құбылыстар,жылулық құбылыстарды сипаттайтын тәсілдер,макраскопиялық параметрлер,
  • термодинамикалық процесс,ішкі энергия,мәңгі қозғалтқыш ұғымын қалыптастыру;
  • Термодинамиканың бірінші және екінші заңының физикалық мағынасын түсіндіре алу, ІЖҚ жұмыс істеу принципі оны қолдану, оның қоршаған ортаға әсерін сипаттау, талдау, түсіндіре алу.
  • ПӘК-ті анықтау

Тілдік міндеттер

Молекулалы – кинетикалық теория

Молекулярно – кинетическая теория

The theory of molecular – kinetics

Ішкі энергия

Внутренная энергия

The internal energy

Жылу мөлшері

Количество теплоты

Аmount of heat

Жылу берілу

Теплопередача

Heat transfer

Жылуөткізгіштік

Теплопроводность

Heat conduction

Конвекция

Конвекция

Convection

Сәуле шығару

Тепловое излучение

Thermal radiation

Абсолют қара дене

Абсолютно черное тело

Black body

Энергия тасымалдану

Перенос энергии

Transfer of energy

Зат тасымалдану

Перенос веществ

Transfer of substances

Алдыңғы білім

Жылу,жылу берілу. Энергияның айналу сақталу заңы. Заттың күйі. Механикалық жұмыс. Ньютонның заңдары.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар (төменде келтірілген жазбаларды өзіңіз орындататын тапсырмалармен алмастырыңыз)

Дерек көздері

ресурстар

Басы

3 минут

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

1.Сабақтың мақсатымен және атқарылатын жұмыстар мен таныстыру.

2.Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімін пысықтау( тестік жұмыс;деңгейлік тапсырмалар)

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

4.Сабақты бекіту.Есептер шығару.

5.Сабақты талдау (Рефлексия)

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгін біз сіздермен термодинамика негіздері тарауына тоқталатын боламыз.

Денелерді қыздырғанда немесе салқындатқанда оларда өтетін физикалық процестер жылулық құбылыстар деп аталады.Жылулық құбылыстарды термодинаикалық және молекулалалы-кинетикалық теория тұрғысынан зерттеу қалыптасқан.

Термодинамика дегеніміз- жылулық құбылыстарды заттың ішкі құрылысына назар аудармай,энергетикалық түрленуі негізінде зерттейтін физиканың бөлімі.

Термодинамикада тек макраскопиялық шамалар ғана қолданылады:температура,көлем,қысым, дененің ішкі энергиясы және т.б.Термодинамиканың негізгі ұғымдарының бірі- термодинамикалық жүйе ұғымы, яғни макроскопиялық параметрлердің сандық сипатын беретін кез-келген химиялық құрамдағы және кез-келген физикалық

денелер жиынтығы.

Барлық макроскопиялық

 

денелердің механикалық энергияларымен қатар, денелердің ішкі күйіне тәуелді болатын энергиясы бар.Бұл энергияны ішкі энергия деп атаған .

Дененің ішкі энергиясы молекулалардың ілгермлемелі және айнымалы қозғалысының кинетикалық энергиясы, олардың өзара әрекеттесуі кезіндегі потенциалдық энергиясы мен молекулалардағы атомдардың тербелмелі қозғалысынң энергиясы және атомды түзетін бөлшектердің қозғалыс және өзара әрекеттесу энергиясы.Берәлген мөлшердегі ішкі идеал газдың энергиясы оның абсолют температурасына тура пропорционал болады.

 

 

 

Термодинамикадағы жұмыс

Термодинамикада дененің тұтастай қозғалысы емес, макроскопиялық дененің ішіндегі жеке дара микробөлшектердің бір-біріне қатысты салыстырмалы орын ауыстырылуы қарастырылады.Жұмыс атқарғанда дененің көлемі өзгереді, ал оның жылдамдығы нөлге тең болып қалады.Оның есесіне газ молекулаларының жылдамдығы өзгереді.Молекулардың бей-берекет қозғалысының жылдамдығы өзгергенде, дененің температурасы да өзгереді.Термодинамикада жұмыс атқарғанда макродененің күйі, оның макропараметрлері көлемі мен температурасы өзгереді, бірақ бұл макродененің жылдамдығын өзгертпейді.Газдың көлемі өзгергенде ғана газ жұмыс жасай алады.

 

Формуласы бойынша газдың тұрақты қысымдағы, яғни изобаралық процесс кезінде атқарылатын жұмысты есептеуге болады.

)N

Формуладан дененің ішкі энергиясы молекулалардың кинетикалық және потенциалдық энергиясын өзгерту арқылы өзгертуге болатыны шығады.

Молекулалардың кинетикалық энергиясы температураға тәуелді, оны өзгерту үшін дененің темперутурасын өзгерту керек, яғни жылу беру процесін жүзеге асыру керек.Жылу беру процесі кезінде денеге қандай да бір Q жылу мөлшері беріледі.Молекулалардың потенциалдық энергиясын өзгерту үшін олардың арақашықтығын өзгерту керек, демек, дене жұмыс қажет.

Осыдан 

Бір күйден екінші күйге өткен кезде термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі сыртқы күштердің өзгерісі сыртқы күштердің жұмысы мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең және ол осы өтудің өалай іске асатынына тәуелсіз.

Сыртқы күштердің атқаратын жұмысы 

теріс таңбамен алынған газдың өз А жұмысына тең, сондықтан   сонда

 

Егер газға қайсыбір жылу мөлшерін берсе, онда ол ішкі энергияны өзгертуге және сыртқы күштерге қарсы жұмыс атқаруға жұмысалады.

Жоғарыдағы өрнек жылу процестері үшін энергияның сақталу заңы болып табылатын термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегі.

Заңның физикалық мағынасы:

Белгілі бір энергияның өзгерісі процеске тәуелсіз және тек жүйенің бастапқы және соңғы күйлерімен ғана анықталады.

Бұл ішкі энергия жүйенің күй функциясы және ол тұйықталған жүйеде сақталады дегенді білдіреді.

Термодинамиканың бірінші заңының көмегімен мәңгі қозғалтқыштың бірінші түрінің болмайтыны дәлелденді.Мәңгі қозғалтқыш деп энергия жұмсамай-ақ шексіз ұзақ уақыт жұмыс істей алатын қондырғыны айтады.

Термодинамиканың бірінші заңы бойынша егер жүйеге жылу мөлшері берілмесе, жүйенің ішкі энергиясы біткен кезде, қозғалтқыш жұмысын тоқтатады,яғни мәңгі қозғалтқыштың бірінші түрін жасау мүмкін емес.

Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану.

Изохоралық процесс.

Газдағы изохоралық процесс кезінде өзгеріссіз қалатын параметр- газ көлемі.Термодинамиканың бірінші заңын  түрінде қолданып, изохоралық проесс кезңнде жұмыс атқарылмайтынын ескеріп мынандай өрнекті аламыз:

 

Бір атомды идеал газ үшін ішкі энергияның өзгерісі   болғандықтан, изохоралық процесс кезінде газға берілетін энергия

 (1)

Тұрақты көлем кезінде меншікті жылу сыйымдылық

 1-формуланы ескеріп   Осы формуланы пайдаланы, изохоралық процесс кезінде берілген жылу мөлшері үшін

Изобаралық процесс

Изобаралық қыздыру кезінде газға берілетін жылу мөлшері оның ішкі энергиясын өзгертуге және газдың жұмыс атқыруына жұмсалады, яғни 

Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісін

 

Изобаралық процесс кезіндегі жұмысты   және Менделеев –Клапейрон теңдеуін   ескере отырып 

Изобаралық процесс кезіндегі жұмысты былай есептейміз

 

Сонда формула былай жазылады:

 

Бір атомды идеал газдың меншікті жылу сыйымдылығы

 = 

Осыны ескерсек, изобаралы процесс кезінде берілген жылу мөлшерінің формуласы мына түрге келеді:

 

Изотермиялық процесс

Изотермиялық процесте температура өзгермейді, яғни ішкі энергияның өзгерісі нолге тең.Ал газға келтірілетін жылу мөлшері газдың жұмыс атқаруына жұмсалады.Яғни 

Осы процесс кезінде атқаратын жұмыс

 өрнегі бізге изотермиялық ұлғаю кезінде газ жұмысты өзіне берген жылу мөлшерінің есебінен атқаратынын көрсетеді, ал изотермиялық сығылу кезінде газ теріс жұмыс атқарады, яғни одан жылу алынады, Q

Идеал газдың изобаралық және изохоралық процестеріндегі меншікті жылу байланысты сыйымдылықтарының арасындағы тағайындайық.

Изобаралық және изохоралық процестері кезінде меншікті жылу сыйымдылықтары өзара

= қатынасымен байланысқан. Осыдан

(

 

 тұрақты қысым кезіндегі мольдік жылу сыйымдылық

 тұрақты көлем кезіндегі мольдік жылу сыйымдылық

 Идеал газдың изобаралық және изохоралық процесс кезіндегі мольдік жылу сыйымдылықтары арасындағы байланысты тұғыш рет

Р .Майер тағайындады : 

Адиабаталық процесс

 Жылу оқшауланған жүйеде өтіп жатқан процесс адиабаталық деп аталады.Адиабаталық процесс кезінде Q және термодинамиканың бірінші заңы бойынша немесе

 

 

Бұл процесс тоңазытқыш машиналарда, дизелді қозғалтқыштарда қолданылады.

Адиабаталық процестердің өту шарттары:

Жүйе жылу өткізбейтін қабықшада тұру керек. (Дьюар ыдысында, термостарда.)

Процесс өте тез өтуі тиіс, сонда жылу қоршаған ортаға беріліп үлгермейді.

Процесс газдың үлкен көлемінде өтуі тиіс, сонда газ параметрлерінің жеке –дара кішігірім облыстарда өзгеруі процестің өтуіне әрекет етпейді.

  болғандықтан А= - формуласын талдай отырып, төмендегілерді атап өтеміз:

Адиабаталық ұлғаю кезінде газ температурасы төмендейді.

AА= - теңдігін сақтай үшін

 теріс болуы керек, ол

 

Газды адиабаталық сыққанда температура жоғарлайды.

Термодинамиканың 1,2 заңы :http://www.youtube.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сэнкидиаграммалары:

http://www.youtube.com

 

Жылу қозғалтқыштары:

Адамзат өмірінде механикалық жұмыс жасауға арналған қондырғыларды –қозғалтқыштаодың қашаннан пайдаланып келеді.

Олар энергияның қандай да бір түрін механикалық энергияға айналдыруына байланысты жылу, механикалық, электр қозғалтқыштары болып бөлінеді.

Соның ішінде бүгінгі тақырыпқа байланысты жылу қозғалтқыштарына тоқталайық.

Жыл у қозғалтқыштары деп отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қозғалтқыштарды айтады.Олардың құрлысы іртүрлі.Бірақ олардың барлыңының жұмыс істеу қасиеті бірдей.Жылу өозғалтқыштары дөңгелек цикл бойынша жұмыс жасайды.

Дөңгелек цикл деп термодинамикалық жүйенің бірқатар аралық күйлерді өтіп, бастапқы күйге қайтып оралтатын процесі аталады.

Газдың ішкі энергиясы есебінен механикалық жұмыс атқаруға болады.Ішкі энергия барлық энергиялардың ішіндегі ең арзан түрі десе болады. Себебі отынның әр түрін жағып, оның есебінен пайдалы жұмыс атқаруға болады.Ішкі энергияның механикалық энергияға айналуы адамзаттың тұрмысында, техниканың дамуында маңызы жоғары.

Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі:

Қозғалтқыш жұмыс істеу үшін қозғалтқыш поршенінің екі жағынан да қысымдардың айырмасын тудыру керек.Барлық жылу қозғалтқыштарында қысымдардың айырымын тудыру үшін жұмыстық дененің ( газдың) температурасын өоршаған ортаның температурасымен салыстырғанда ,жүздеген немесе мыңдаған градусқа жеткізу арқылы іске асырады.ІЖҚ отын жанғанда газ температурасы Т1 (Т1 –қыздырғыштың температурасы.)Жұмыстың жасалуына байланысты газ энергиясын жоғалтады және қандай да бір температураға дейін суыйды. Т1- температура қоршаған орта температурасынан төмен болмау керек, олай болмаған жағдайда газ қысымы атмосфералық қысымнан аз болып қозғалтқыш жұмыс жасай алмайды.Жылу қозғалтқыштары жұмыстық дененің ішкі энергияның есебінен жұмыс жасайды.Жылу қозғалтқыштарының жұмыс циклды.

Жылу қозғалтқыштарының циклі

Жұмыстық дене отын жанғанда қыздырғыштан жылу алады-Q1

Қозғалтқыш пайдалы жұмыс атқарады -

Жұмыстық дене тоғазытқышқа жылу береді –Q2

=     

 

15 минут

Берілген видео роликтер бойынша талдауды ұйымдастыру. (5 мин)

Есептер шығару.

 

Соңы

5 минут

Рефлексия:

Қорытынды:

  • термодинамиканың бірінші заңына сәйкес, сырттан энергия алмай жұмыс істейтін қозғалтқыш жасау мүмкін емес;
  • термодинамиканың екінші заңына сәйкес, денеге берілген жылу мөлшерін толығымен жұмысқа айналдыру мүмкін емес.
  • термодинамиканың бірінші заңының абсолют, яғни оны барлық жерде қолдануға болады, ал термодинамиканың екінші заңы абсолют емес және ол статистикалық сипатқа ие.

 

 

Үй жұмысы – тақырыпты қайталау.

“Физика 10 сынып” Б. Кронгарт § 4.5-4.6 қайталау.

“Физика есептер жинағы” С. Тұяқбаев

№ 2.67 – 2.70 есептерді шығару.

             

 

 

 

 

 

 

7 – сабақ : Электр сыйымдылығына, потенциалдар айырымын анықтауға есептер шығару

 

Тексерілді:            

Оқу ісінің орынбасары: Г.К.Оразова

Мектеп: ДБАОММИ №3

Курс: Физикалық практикум

Мұғалімнің аты: С.Е.Акпанова

Сынып: 8 А                    Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр сыйымдылығына, потенциалдар айырымын анықтауға есептер шығару

Сабақ мақсаты

·        өткізгіштіӊ электр сыйымдылығыныӊ формуласы мен өлшем бірлігін білу және қолдану;

·        жазық конденсатордыӊ сыйымдылығын анықтайтын формуланы  білу және қолдану;

Бағалау критерийлері

- өткізгіштіӊ электр сыйымдылығыныӊ формуласын және өлшем бірлігін біледі және қолданады;

- жазық конденсатордыӊ сыйымдылығын анықтайтын формуласын біледі және қолданады;

Тілдік

мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр өрісі - Electric field

Электр өрісініӊ кернеулігі-Tension of electric-field

Электр өрісініӊ күш сызықтары-Lines of tension of electric-field

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Конденсаторларэлектр зарядын және электр өрісініӊ энергиясын жинақтайтын аспаптар.

Конденсатор - диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш пластинадан құралады.

Пластиналарының пішініне қарай конденсаторлар жазық, цилиндрлік және сфералық болып бөлінеді.

Электр сыйымдылық – конденсатордың заряд сақтау қасиетін сипаттайды.

Электр сыйымдылығы – тек қана өткізгіштің (конденсатордың) пішініне  және өлшемдеріне тәуелді.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында өзара бағалау және талдау жасай алу дағдысы қалыптасады.

Пән аралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару және графикті талдау .

Бастапқы білім

 

Оқушыларда электр өрісі, біртекті электр өрісі, электр өрісініӊ күш сызықтары және потенциал, потенциалдар айырымы туралы түсініктері қалыптасқан.

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

0-5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

5-7 мин

1. Теориялық материалды еске түсіру мақсатында оқушыларға қойылатын сұрақтар:

А) Өткізгіштер дегеніміз не?

Ә) Диэлектриктер дегеніміз не?

Б) Диполь деп нені айтамыз?

В) Электр сыйымдылығы дегеніміз қандай шама?

Г) Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі?

Мұғалім оқушылардың жауаптарына кері байланыс жасай отырып, олар қателескен жағдайда түзетулер енгізеді.Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатына қарай бағыттайды.

2. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге талқыланады.

Ø  өткізгіштіӊ электр сыйымдылығыныӊ формуласы мен өлшем бірлігін білу және қолдану;

Ø жазық конденсатордыӊ сыйымдылығын анықтайтын формуланы білу және қолдану;

 

 

Сабақтың басы

7-30мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30-35 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Оқушылардың қолдану дағдысын дамыту үшін берілетін тапсырмалар:

 1. Конденсатор , бір-бірінен 4 мм қашықтықта орналасқан қырлары 10 см болатын шаршы пішінді парафинделген,диэлектрлік өтімділігі 2 тең, параллель пластиналардан тұрады. Конденсатордың электросыйымдылығын есептеңіз.

2. Ток көзіне қосылған конденсатордың сыйымдылығын 2 есе арттырғанда, пластиналар арасындағы кернеу қалай өзгереді?

 

3. Конденсаторды U кернеуге дейін зарядтағанда, ол q заряд алады. Егер пластиналардағы q зарядты 2 есе арттырғанда конденсатор сыйымдылығы қалай өзгереді?

 

4. А) Өткізгіштің электрсыйымдылығы дегеніміз не?

__[

В) ХБЖ электрсыйымдылығының өлшем бірлігі

[1]

С) Конденсатор бір-бірінен оқшауланған екі металл пластиналардан тұрады (суретте көрсетілгендей).

 

D) Зарядталған конденсатор энергиясының қайда жинақталатындығын түсіндіріңіз.

[2]

5. Конденсатордың электрсыйымдылығы төмендегі шамаларға қалай тәуелді болады?

 (а) астарларындағы зарядқа

 

[1]

(b) геометриялық өлшеміне

 

[1]

(с) астарлары арасындағы ортаның диэлектрлік өтімділігіне

 

[1]

   6.   9.0 В ток көзіне 30 мкФ конденсатор жалғанған.

Конденсатордағы зарядты есептеңдер.

 

[2]

b Конденсатордың теріс зарядталған платасында қанша артық электрон бар?

7.  Бірінші конденсатордың сыйымдылығы 0,5мкФ, ал екіншісі 5000пФсыйымдылыққа ие.

 

(i) Бірдей зарядтарды осы конденсаторларға жинақтау үшін қажетті кернеулерді  салыстырыңыз

 [2]

(ii) Бірдей тұрақты ток көзі полюсіне қосылғандағы конденсаторлардағы зарядтарды салыстыңыз.

 

 [2]

8. Жазық конденсатор екі пластинадан тұрады, әр пластина ауданы S=200cм2тең және олар d=2мм арақашықтықта орналасқан, олардың арасында слюда орналастырылған. Егер, пластиналар арасындағы кернеу U=3кВ болса. (Слюданың диэлектриктік өтімділігі  ɛ=6,ɛ0=8,85*10-12Кл/Н*м2))

 

(а) Конденсатордың электросыйымдылығын анықтаңдар

 (в) Конденсаторға беруге болатын максималды зарядты анықтаңдар

Оқушылар дайын жауаптар арқылы өздік бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Конденсатордың электр сыйымдылығыныӊ формуласы мен өлшем бірлігін біледі және қолданады

-    электр сыйымдылығыныӊ формуласын біледі;

-    электр сыйымдылығын анықтайды;

-    сыйымдылық пен кернеу арасындағы тәуелділікті біледі;

-    сыйымдылық пен заряд арасындағы тәуелділікті біледі;

-    өткізгіштің электрсыйымдылығының физикалық мағынасын біледі;

-    сыйымдылықтың өлшем бірлігін біледі;

-    конденсатордың электрсыйымдылығының зарыдқа тәуелділігін біледі;

-    конденсатордың электрсыйымдылығының

геометриялық өлшеміне тәуелділігін біледі;

- конденсатордың электрсыйымдылығының

диэлектрлік өтімділігіне тәуелділігін біледі;

- конденсатордағы зарядты және электрон санын есептейді;

-кернеулерді салыстырады;

-зарядтарды салыстырады;

- конденсатордың сыйымдылығын және зарядын есептейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  соңы

35-40 мин

4. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

5. Үй тапсырмасы: Физика және астрономия. 8-сынып.

§ 34. оқу.

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Физикалық практикум» таңдау курс бағдарламасын

оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

 

    Қолданбалы курстың ұйымдастыру формалары: оқушылардың білімдерін тиянақтау сабақтары, есептер шығару, шығармашылық ізденіс жұмыстары. 

Сондай-ақ курс барысында, дамыта, саралап, деңгейлеп, проблемалық,  шығармашылық ізденіс,өзіндік жұмыс,ынталандыру,оқу сапасының мониторингі әдістері және т.б. пайдаланылады.

   Мұғалімнің әрбір теориялық материалдар алдындағы шағын лекциясы.

Бұл арқылы оқушыларды шағын конспект, реферат жазуға баулиды.                    Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, физиканың негізгі заңдарына сапалы, сандық және эсперименттік есептер шығару курс сабағының басты тәсілі, сонымен қатар есептер шығару, экспериментер жасау,өздерінің өмірден жинақтаған деректері мен мағлұматтарын есептер мен тапсырмаларды шешуде пайдалану, қоғам дамуына байланысты дерек мәліметтерді пайдаланып өзіндік тапсырмаларды құрастыру теориялық топшылау қортындыларды оқушылардың өздеріне жасауға бағыт береді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

 

KAHOOT.COM БҰЛ ВИКТОРИНАЛАРДЫ, ТЕСТТЕРДІ, СҰРАҚТАРДЫ ОНЛАЙН ҚҰРАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

 

 

 

   

 

 

 

   

 

 

 

 

 

Сабақ үстінен үзінділер

          

       

       

 

 

Қорытынды

 

 

      Мұғалім - шебер тұлға, ол алдындағы әрбір  жеке тұлғаны  жан-жақты зерттеп, оларды дамытудың алғы шарттарын ойлай отырып,  сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны дамытып, пәндік  құзіреттілікті қалыптастыруда оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығы артады, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады және шығармашылық тапсырмаларды орындауда қиындық тумайды.

     Оқушылар алған теориялық білімдерін практикада қолдана алатындай дәрежеге жетеді. Сонымен қатар  білім, білік, икемділік, дағдылары дамытылады, оқушылар алған білімін өз бетімен қолдануға жаттығады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.       В.И.Лукашик : «Физика сұрақтары мен есептерінің жинағы».1992. Рауан

2.       А.В.Чеботарева: «Оқушылардың физикадан орындайтын өзіндік жұмыстары»   Алматы.«Мектеп » 1989ж.

3.       Ысқақов Б.М., Ағұлықов А.А., Шамбулов Н.Б. «Физикадан есеп шығару мысалдары.» Алмат: Рауан, 1987. 3- 10 бб.

4.       Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ. «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі.» Алматы: Рауан, 1998. 7-тарау. 59-69 бб.

5.  Б.А. Кронгарт, В.И.Кем: « Есептер мен жаттығулар жинағы.» Алматы .     Атамұра 2017.-112бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Акпанова С.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Физикалық практикум»

8-сыныпқа арналған таңдау курс бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау

Саина, 20 «А»

Тел.77-10-79


Текст