Шалабаева Алма Билимовна
математика пәнінің мұғалімі
Авторлық бағдарлама
«Шектер теориясы»
(қолданбалы курс бағдарламасы)
Түсінік хат
Жаратылыстану-математика бағытындағы математика курсы қоршаған әлемнің заңдылықтарын оқып-үйренуде математика негізі аппарат өзіндік құрал ретінде рөл атқаратын іс-әрекет салаларын таңдаған оқушыларға арналған. Математиканы оқытуда қарастырылатын қандай да бір нақты жағдаяттың математикалық моделін құру және тұжырымдау нақты процестер мен құбылыстарды зерделеуде пайдаланылады. 11 сыныпқа арналған математика курсы әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық біліктерді меңгертуге мүмкіндік береді.
Бағыты: Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарға арналған бұл курс әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық біліктерді меңгертуге өз септігін тигізеді.
Жаңалығы, өзектілігі, педагогикалық мақсатқа лайықтығы:
Оқушының тұлғалық – әрекеттік бағытын дамыту курстың ең басты талабы болу керек. Оқушының оқу жағдайларын шешуде әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, білігін, бұрын меңгерген білімін, дағдыларын қолдануға үйрету керек. Көптеген оқушылар деректермен қалай жұмыс істеп, нені зерттеуді, тақырыптың түйінін табуды білмейді. Сондықтан мұғалім тақырыпқа байланысты тапсырмалардың маңыздысын, орындау жолдарын көрсетуі керек. Математика пәні мұғаліміне қойылатын ең басты талаптар: сабақтың пәндік және идеялық дәрежесінің жоғары болуы, түбегейлі білім беру үшін оқушылардың танымдық қабілетін дамытатын әдіс – тәсілдерді үнемі қолданып отыру,танымдық қабілетті жан-жақты дамыту үшін білуге құштарлық сезімін ояту, жаңаны білдіру, өткенді ұмыттырмау, тарихи тақырыптың шәкірттерге рухани тәрбие беру мүмкіндігін толық пайдалану болып табылады. Сабақ сапасының нашар болуы осы пәнге оқушылардың ынтасын төмендетеді, оларды қызықтырмайды.
Курстың мақсаттары:
- негізгі бағдарламалық материалды жоғары дәрежеде меңгерту;
- оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, өз бетімен еңбектенуге дағдыландыру;
- оқушылардың математика пәніне ынтасын, қызығушылығын арттыру;
- оқушының ынтасын ескере отырып, оны дамыта түсудің нәтижелі жолдарын қарастыру;
- ізденуге, шығармашылық әрекетке ынталандыру;
- оқушылардың білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оларға кәсіптік бағдар беру;
- 11- сыныптағы алгебра және анализ бастамалары, геометрия курсының материалдарын меңгерте отырып, оқушы білімін тереңдету мақсатында жоғары курс материалдарын үйрету;
Курстың міндеттері:
- математиканы оқытуда техника мен оған жақын ғылымдарды қолдану, халық шаруашылығы мен тұрмыста қолдануға бағыттау немесе оқытуға политехникалық бағыт беру;
- физика, химия, география, сызу, технология сабақтары курсымен байланыс орнату;
- білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімдерді меңгерту;
- бүгінгі оқушы-ертеңгі жаңа заман талабына сай, қоғам қажеттілігін өтейтін маман екендігін түсіну.
Курстың ерекшелігі:
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында білім беру процесін ұйымдастыруда мұғалім қызметінің мақсаты оқыту деп көрсетілген. Мұғалімнің ең басты оқыту қызметтері:
- Өз пәнінің пәндік және негізгі мақсаттарын ескере отырып,оқу іс-әрекетінің нақты мақсаттарын жобалау.
- Стандарт талаптарына сәйкес конструкциялау.
- Ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану.
- Оқушының тұлғалық - әрекеттік бағыттылығын реттеу.
- Құзіреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу.
Үстіміздегі ғасыр жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру,дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімнің алдында тұрған бірден-бір мақсат - оқушылар алған білімін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана алатын,жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуінде оқыту формаларының атқаратын ролі зор. Қазіргі педагогикалық әдіснамада оқыту формалары өте көп. Пікірталас, конференция, құжаттармен жұмыс, тренинг, ауызша есептеу, интерактивті сабақ, сын тұрғысынан ойлау, топтық сабақ ақпараттық сабақ т.б. Бұл әдіс-тәсілдер сыннан өткен,сабақтарда пайдаланылып жүрген әдістер.
Мұғалімнің қызметінің ішіндегі соңғы уақытта тәжірибеге еніп бара жатқан ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану. Ақпараттық ортаға: оқулықтар,оқу-әдістемелері, баспасөз, ғылыми-көпшілік кітаптар, теледидармен бірге қазіргі кездегі мультимедиялық бағдарламалар, электронды оқулықтар,интерактивті тақта, интернет желісі т.б. жатады. Яғни, мұғалімнің де, оқушының да ақпарат алатын мүмкіндігі көп. Соңғылары ақпараттық технологияға жатады. Ақпараттық технологияның ерекшелігі орындалатын қызмет тез және нақты формасында тиімдірек орындалады,адам өркениетті бола бастайды. Компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен оқуға ықыласын көтереді.
Күтілетін нәтижелер және оларды тексеру әдістері:
Курсты оқытуды аяқтағанда оқушылардың бойынан төмендегі үш сапа қалыптасады.
1. Оқушының математика пәнін оқып-үйренуге деген ынтасы артады;
2. Пәнге деген жауапкершілік пен қызығушылығы артады;
3. Пәнді еркін меңгереді;
Бағдарламада оқушылардың логикалық ойын дамытатын тақырыптар бар. Сол тақырыптар бойынша курс соңында реферат жазады; жоба (слайд арқылы) жазып, қорғайды; тәрбиелік шаралар ұйымдастырады. Тестік тапсырма, бақылау жұмысы, сынақ тапсыру
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
- функцияның шегі анықтамасын білу;
- шектер, оның қасиеттері, оларға амалдар қолдана білу;
- шексіз аз және шексіз көп шамалардың қасиеттерін білу;
Пәнаралық байланыс:
Сызу,физика,тарих, экономика.