Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ХVIІ Президенттік олимпиада

26.09.2024

ХVIІ Президенттік олимпиаданың бірінші (аудандық) кезеңі ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде өткізілді.
Олимпиаданың әрбір қатысушысы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология
Президенттік олимпиаданың мақсаты:
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Мектептен олимпиаданың бірінші кезеңіне 5 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар «Алтын белгі» мен Үздік аттестат үміткерлері. 2024 жылғы қазан айында жоспарланған облыстық кезеңге жоғары балл алған:
1) Сері Дияр
2) Абжанова Меруерт
3) Базей Шұғыла
4) Касенова Дария жолдама алды. Оқушыларға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 142


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст