Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітап-ғасыр мұрасы» атты кітап оқу акциясы.

09.03.2017

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Маханбетова Бақыткүл Жанбекқызы: - Мен өзім сабақ беретін, әрі жетекшілік ететін 6 «Б» сыныбының Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай  оқу жылы соңына дейін өтіп жатқан «Кітап-ғасыр мұрасы» атты кітап оқу акциясына белсенді қатысуына бағыт бердім. Акция 25 үздік шығарманы ұсынды.

         Халқымызда:«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»-деген тәмсіл бар. Біз «қазақтың Бауыржаны» Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын таңдадық. Сынып оқушылары шығарманы оқып, Б.Момышұлының шешен болуына ұшқан ұясында естіген, қиыннан қиыстыра,төтеннен төге сөйлелейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл сөздердің әсері зор болғанын байқады. Оқушылар «Ұшқан ұя» шығармасына иллюстрация салды.

6 «Б» сынып оқушысы Мейрамбай Нұрай:- Б.Момышұлының туған жерін Асан Қайғы

бабамыз:

Басқаның бәрін қисаң да,

Жуалыны қимайсың,

Бөктеріп алып кетер ем,

Ат сауырына сыймайсың,

- Тәңіртаудың бауырындағы бұлағы сылдырлаған, лағы құлдыраңдаған, терегі шайқалған, желегі жайқалған Мыңбұлақ,-деп армандай жырлаған екен. Мен «Ұшқан ұя» кітабын оқығанда осыған көзім жетті.

6 «Б» сынып оқушысы Әбдірайым Жания:- Батыр Бауыржан Момышұлы өз туған жері туралы аңызды Тоқмырза ақсақалдың әңгімелеуінде былай беріпті.

-Алла тағала жерді жаратқанда біздің аймақты ұмытып кеткен екен. Таңертең  шаршап қрап тұрса, бір аймақ үңірейіп бос қалыпты. Ашуланған тәңірі Гималайдың мұзды шыңын сындырып лақтыра салса, Алатау орнапты. Сөйтіп жан-жағына қарағанша, әлгі мұз еріп селденіп барады екен. Мұны көрген жаратушы түстік таулардың бірінен бөлшегін жұлып алып, арқырап аға бастаған мың бұлақтың алдына тастай салыпты. Сөйтіп мына Қаратау орнаған дейді. Ал үлкен бөгетке ұшыраған су жинала-жинала ақыры тікелей арна сала алмай теріс ағыпты. «Теріс» өзені солай пайда болса керек. Осылайша жеріміздің әр пұшпағы әртүрлі болып шыға келген екен. Бір жері жемісті, бір жері егісті, бір жері асқақ, бір жері тастақ, бір жері шыңды, бір жері құмды болатыны да содан деседі. Адамдары да алуан, аңы да мол. Жанға керектің бәрі бар.

6 «Б» сынып оқушысы Даулетбай Дидар:- Тілді нашар білетіндіктен мұғалімнің  түсіндіргенін шала-пұла ұғушы ем. Бірақ ол үйретуден жалыққан емес. Әліппе оқитын болдым. Дәптеріме де бірлі-жарым өрнектер түсе бастады. Көп сөзді түсебесем де, көшіре беретінмін. Сөздің мағынасына мән бермесем де, жаттап алушы ем...

Күн сайын орыс балаларымен достасып, оқуым да жақсара берді-,дейді Б.Момышұлы балалық шағы туралы.

R.S. 6 «Б»сынып оқушылары: -Бауыржан Момышұлы үздіксіз ізденудің, шешендіктің үздік үлгілерін оқып-үйренудің нәтижесінде екі тілде де шешен болды. 

Просмотров: 923


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст