Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЭКСПО-2017

04.04.2017

Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.[1] 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінішін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017

халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст