Текст
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні! Осы мереке қарсаңында қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын халқын құрметтеу мақсатында «Барлық халықтарға ортақ мейрам» атты салтанатты мереке ұйымдастырылды. Мерекеге барлық сынып оқушылары әр ұлттың киімдерін киіп қатынасты. Мектеп директоры Асель Қайратқызы оқушыларды құттықтап жатақхана тәрбиеленушілеріне музыкалық сабвуфер сыйлады.