Текст
25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыру және аналитикалық бөлімінің басшысы Қожахметова Сұлушаш Тельмайқызы, мектептің ардагер ұстаздары қатысты. Мектеп директоры Калымова Асель Қайратқызы соңғы қоңырау мерекесімен түлектерді құттықтап, жетістіктерге ие болған түлектерді марапаттады.