2017 жылдың 2 қыркүйек күні мектебімізде Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Білім ордасы мен ұстаздарын сағынып қалған оқушылар қуанышпен қауышты. Былтырғы оқу жылы мектебіміз үшін табысқа толы болды. Мектеп директоры Калымова Асель Кайратовна жетістіктерге тоқтала отырып, Білім күнімен құттықтап,оқушыларға сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға Ақмола облысы білім басқарамасының ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы Айжан Дулатовна Токмурзина, ардагер ұстаз Елеуова Рысалды Ақтайлаққызы қатысып алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтады. 2017-2018 жаңа оқу жылының басталу жөнінде мектеп директоры бұйрығын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Искакова Дана Манаповна оқыды.