Оқушылардың танымдық қызығушылықтары және интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 01-03 қараша аралығында «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық конкурсы өтті. Біздің мектептен осы конкурсқа 6-7 сыныптардан 8 оқушы қатысты. Балалардың жұмыстары мынадай ерекшеліктермен бағаланды: өзіндік даралық, шығармашылық ізденіс, берілген сұрақтарға жауаптардың толық болуы, мәселелердің терең талқылануы. 7 оқушы жеңімпаз атанып, облыстық білім басқармасының дипломдары және жүлделі сыйлықтарымен марапатталады:
1. Кокушев Науан, 6 «Б» сынып оқушысы, секция «Информатика» I орын;
2. Даулбаев Асанали, 6 «А» сынып оқушысы, секция «Физика» I орын;
3. Рамазанова Гаухар, 7 «А» сынып оқушысы, секция « Химия» II орын;
4. Нуртазина Дария, 6 «Б» сынып оқушысы, секция «Қазақ тілі мен әдебиеті» II орын;
5. Наурызбай Мерей, 7 «А» сынып оқушысы, секция «Тарих» II орын;
6. Мейрамбай Нурай, 7«Б» сынып оқушысы, секция «Техника» III орын;
7. Садырбекова Айсауле, 6 «А» сынып оқушысы, секция «Қазақ тілі мен әдебиеті» III орын.
Оқушыларды «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық конкурсына дайындаған мұғалімдер: Маханбетова Б.Ж., Куспекова К.М., Әдей Ж., Ажкен А.Б., Еслямова У.Б.
Кусаинова С.З., бейінді оқыту жөніндегі директордың орынбасары