Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану сабағындағы тиімді әдістер

22.02.2018

Өзін-өзі тану сабағындағы тиімді әдістер

«Сыртқы дүниенің көптігі сонша бірақ жүректе ешнәрсе жоқ...»

О.Гадецкий

  Өзін-өзі тану сабағының мақсат-міндеттері әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық рухани құндылықтар  (Ақиқат, Дұрыс әрекет, Сүйіспеншілік, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау) бар екендігіне көздерін жеткізіп, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алуды үйретуді көздейді. Сонымен қатар олар осы жалпыадамзаттық құндылықтар қамтитын рухани-адамгершілік қасиеттердің әлеуетін ашып, әр баланың ізгілік жолын таңдауға ықпал етуі керек. Өзін-өзі тану сабақтарының рухани-адамгершілік тереңдігі осы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды балалардың бойынан ояту негізгі мақсаты болып табылады. 

АҚИҚАТ -шындықты айту; тек жақсы және қажет заттарды ғана айту; басқалардан жақсылықты іздеу; қарапайымдылық; оптимизм; кішіпейілдік және т.б. 

СҮЙІСПЕНШІЛІК -ақкөңілділік; бауырмалдық; достық; татулық.   адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық.кішіпейілдік. жомарттық; аянбай қызмет ету; ізгілік және т.б. 

ДҰРЫС ӘРЕКЕТ -жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу; уақытты үнемдей білу; құмарлықты тыя білу (ақша, тамақ, және т.б.); қоғамға риясыз қызмет ету; әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік; әділеттілік және т.б. 

ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ- қарапайым өмір, асқақ ой; құмарлықты шектеу; өзіне-өзі сенімділік; іске берілу;

ұстамдылық; өзін-өзі құрметтеу; қарапайымдылық; жағымды ойлау және т.б. 

ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ -басқа мәдениеттің құндылығын түсіну; толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық; татулық. Мәдени мұраны құрметтеу; қоғам меншігін қамқорлау; қоршаған ортаны қорғау. оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу; әлеуметтік әділеттілік; адам құқығы; жақсы азамат болу және т.б. 

Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір-біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды. Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:

Қиянат жасамау – рухани аспект.

Ақиқат – интеллектуалды аспект.

Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект.

Тыныштық – эмоциялық аспект.

Дұрыс әрекет – физикалық аспект.

2. ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ- тыныштық сәтінің 4 түрін әр сабақта тақырыпқа байланысты кезектесіп өткізуге болады: 

1. Нұрға бөлену.

2.Орманға саяхат.

3.Теңізге саяхат. 

4.Тыныс алуға зейін қою. 

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды

сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... шы ғ а р... (жаймен 9-10 рет  Тәжірибе көрсеткендей, оқушылар үзілістен кейін сабаққа өте қызу күйде келеді де, олардың бірден зейін қойып, сабақты бастап кетуі қиындық туғызады; Сондықтан да әр сабақты тыныштықпен, жағымды күйге келтіруден бастаған дұрыс, балаларды сабырлы, жағымды күйге түсіру үшін баяу музыканың алатын орны ерекше, сабақ басталар алдында оны жаймен жіберіп қою керек. Ең бастысы мұғалімнің осы күйде болуы маңызды, ол ішкі тыныштықта, жағымды күйде болса ғана да терең қабылдай алады. 

 ДӘЙЕКСӨЗ - «Өзін-өзі тану» пәнінің ажырамас бөлігі. Оқушылар танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін тақырыпқа сәйкес алынған сабақтың дәйексөзі өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сез, ұлағатты сөздер алынады. Мұғалім дәйексөз мағынасын балалардың қалай түсінгендері туралы олардың өз пікірлерін ортаға салуына бағыт беріп, талдап cабақтың негізгі ойын бекітіп, құндылықты ашатын болу керек. Дәйексөздер әр оқушының күнделікті өмірінде басшылыққа алатын қағидатына, ережесіне айналуы маңызды. 

ӘҢГІМЕЛЕУ - оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жағымды жағдай туғызатын сөйлеу және ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Сондықтан да оқушылар оқулықтан таба алмайтын, муғалімнің өз жүрегінен сыйлап, өзі айтып беретін мәтін дайындап келуінің балаларға әсері мол. Онда сабақ барысында ашылатын құндылықтың мәнін ашатындай болуы керек және оны түсіндіруге көп сөзді қажет етпейтіндей түсінікті тілде және мазмұны терең, әр баланың жүрегіне жол таба алатындай болуы керек. Мұғалімнің баяу, жылы дауыспен өз жүрегінен әңгімелеп беруі арқылы балалар әңгімені тыңдай және ести білуді, жүрегімен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді.  Әңгімелеу барысында мәтіннің мазмұны оқушылардың шығармашылық шабытын оятатындай болуы қажет. 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЖҰМЫС-оқушылардың шабытын оятып, шығармашылығын белсендіреді және олардың еркін жұмыс істеуіне және осы жұмыстан қуаныш, шаттыққа бөленуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар бірлесіп жұмыс істеу барысында балалардың өзара жауапкершілік, ынтымақтастық және сыйластық, өзара көмек сезімдері арта түседі. Мысалы,сабақтың құндылығы дұрыс әрекет болса,онда шығармашылық жұмыста балаларға осы құндылықты бойынан өткізетіндей сахналау немесе жағдаят шештіруге болады. 

ТОППЕН ӘН АЙТУ- сабақта әуен арқылы жағымды күйге келудің тиімділігі зор. Ол оқушылар назарын бір обьектіге тұрақтандырады және денелерін босаң қалыпқа келтіреді.Таңдалып алған ән де сабақтың құндылығына сәйкес болуы тиіс. 

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА-үй тапсырмасына оқушылар апта бойына орындауы үшін тақырыпқа қатысты құндылық туралы түсініктерін кеңейту мақсатында келесі сабақтың тапсырмасы беріледі. Келесі өтетін тақырып бойынша оқулықта берілген мәтінді оқушылардың алдын ала оқып келуі өте маңызды. 

САБАҚ СОҢЫНДАҒЫ ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ- сабақты аяқтау сәтінде оқушыларды тағы да жағымды ойға түсіру маңызды, сондықтан баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі

сабағымызда нені түсіндік, нені өзімізге алдық, сол жөнінде ойланайық. Айналамызға нұр шашып жақсылық тілейік. Барлық болып жатқандардың бәрі жақсылыққа қарай бастайды. Тек жақсылық ойлаңыз.өкпе-реңіш, қызғаншақтықтан аулақ болыңыз. Сонда ішкі жан дүниеніз ішкі тыныштыққа толы болады. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға

болады. 

   

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі- Кайржанова М.Н.

Просмотров: 8179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст