2017 жылдың 9-ші ақпанында Кеңес жауынгерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай мектеп-интернатында ардагерлермен «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші өткізілді. Атаулы іс-шараға мектеп түлегі, Ақмола облысы Ауған соғыс ардагерлерімен мүгедектер ұйымының төрағасы полковник Ыбырай Дуанбай Казыбайұлы, ұйым мүшесі Утебаев Жақсылық Құланұлы қатысты. Мектеп директоры А.К.Калымова қатысушылардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалатынын айтты. Кезінде қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен ағаларымыз Ауған соғысы, әскери қызметтері туралы естеліктерімен бөлісіп, 10-11 сынып оқушыларына алғашқы әскери кітапшаларын табыс етті. Мектеп оқушылары кеш барысында алғашқы әскери дайындықтарын көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.
.