Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ВАКАНСИЯ

19.07.2023

«Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекеме
тарих пәні мұғалімі, интернат меңгерушісі  
бос  лауазымдарына ашық конкурс жариялайды.

ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

 Лауазымдық міндеттері:
• мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
• білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
• білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
• білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
• пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
• бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
• журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
• оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
• оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
• білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
• оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
• білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
• инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
• ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
• арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
• интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
• әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
• ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
• ата-аналарға кеңес береді;
• кәсіби құзыреттілікті арттырады;
• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
• білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
• ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
• тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
• білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
 
 Лауазымдық жалақы еңбек сінірген жылдарына байланысты 200 000 теңгеден басталады.
 Біліктілікке қойылатын талаптар:
• тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
• және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
• және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

 

ИНТЕРНАТ МЕҢГЕРУШІСІ
 Лауазымдық міндеттері:
• интернаттың қызметін басқарады, тұтас оқу-тәрбие процесі шеңберінде тәрбиешілер мен басқа да қызметкерлердің жұмысын бақылауды жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізу бойынша жұмысты үйлестіреді;
• білім беру процесінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
• тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, педагогикалық тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, педагогтар мен білім алушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді;
• тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
• оқу-тәрбие, әдістемелік, мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады;
• тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қағидаларын, санитариялық және өртке қарсы қағидаларды сақтауды бақылауды жүзеге асырады;
• интернатта тұратын тәрбиеленушілерді тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен, тамақтандыруды ұйымдастырумен қамтамасыз етеді;
• интернаттың, білім беру ұйымының және білім алушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
• интернат қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
• білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
 
 Білуге тиіс:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
2. педагогика және психология негіздерін;
3. педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
4. экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
5. педагогикалық этиканың нормаларын;
6. еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
 
 Біліктілікке қойылатын талаптар:
• жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
• немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жылдан кем емес;
• және (немесе) педагог – сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог - шебер біліктілігінің болуы.
 
 Лауазымдық жалақы еңбек сінірген жылдарына байланысты 200 000 теңгеден басталады.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА НИЕТ БІЛДІРГЕН ТҰЛҒА ХАБАРЛАНДЫРУДА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІНДЕ ЭЛЕТРОНДЫҚ НЕМЕСЕ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖІБЕРЕДІ:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім ;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) аттестациядан өту нәтижелері туралы анықтама немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санаты бар екендігі туралы сертификат (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы .
11) тәжірибесі жоқ үміткерге арналған ұзақтығы 15 минуттан кем емес, ең аз рұқсаты 720 x 480 бейне көрсетілімі.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
 Құжаттарды қабылдау уақыты: 2023 жылғы 19 шілдеден 27 шілдеге дейін.
 Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
 Кандидат (болған жағдайда) біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
 Конкусқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім бероу ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:
020000. Ақмола обылысы, Көкшетау қаласы, Жұмағали Саин к,20а
 
Анықтама телефоны: 77-10-79, kazinternat@mail.ru
Просмотров: 1115


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст