14 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы «Әдістемелік орталығы» МКҚК және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықтың қолдауымен желілік Абай мектептері арасындағы ІІ Республикалық «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауы өтті.
Оқушылар төрт кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты. Қатысушының дауыс мәнері, киім мәдениеті мен тақырыпқа сай тапқырлық танытып амандасуы жеке бағаланды, негізгі басымдық қатысушының шешендік өнеріне берілді.
Шешендік сайыстың барлық кезеңінде Абайдың қара сөздері, нақыл сөздері мен өлеңдерін мейлінше молырақ пайдалану талап етілді. Бұл қатысушының Абайды тануы және хакімнің ұстанымдарын өмірде қолдану өресін көрсетті. Деңгейі тең болған оқушылардың бағасын Абай сөздерін тиімді қолдана алуы арттыра түсті.
Шешендік өнер байқауының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Сашкақызы Камила 🥈ІІ жүлделі орынға және 30 мың ақшалай сый ақыға , жетекшісі М.Б. Муратов, ал 10 сынып оқушысы Башарова Дариға Грамотамен марапатталып, 10 мың ақшалай сый ақыға ие болды, жетекшісі Т.Б, Даулеткалиева.
@aqmoedu
@aqmola_daryny