Текст
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8-сынып оқушыларының мектепішілік олимпиадасы
2022-2023 оқу жылының 12-13 желтоқсан күндері 7-8-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 69 оқушы қатысты, соның ішінде математикадан - 7, физикадан - 4, химиядан - 5, биологиядан -21, географиядан - 2, қазақ тілі мен әдебиетінен - 12, орыс тілі мен әдебиетінен - 6, Қазақстан тарихынан - 9, ағылшын тілінен -3. Жүлделі 1,2,3-орындарға ие болған оқушылар қалалық олимпиадаға қатысады.