Мектепішілік «Абайтану» олимпиадасының қорытындысы
9 желтоқсан күні 9-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Абайтану» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты - М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы Абайдың ақындық болмысына үңілуге, шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиаданың нәтижесі: 9-сынып оқушылары Тельман Ұлжан – 1-орын, Қалымтай Айша -2-орын, 10-сынып оқушысы Блиспекова Жулдыз -1-орын, 11-сынып оқушылары Жылқыбай Айсара -1-орын, Әділбай Ақбаян -2-орын, Егінбай Ақниет 3-орын, Рябова Мираслава - грамота.
1-орын жүлдегерлері Тельман Ұлжан, Блиспекова Жулдыз және Жылқыбай Айсара республикалық «Абайтану» олимпиадасына қатысуға жолдама алды.