Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бала құқығы-адам құқығы» республикалық акциясы

14.12.2022

Ақмолалық оқушылар Конституцияны жетік білу сайысына қатысты

2022 жылғы 8 желтоқсанда Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясы алаңында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық акциясы аясында "Сенің құқықтарың мен міндеттерің" атты облыстық байқауын өткізді.

Ұйымдастырушы Ақмола облысының білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы және Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Аталған байқауға Көкшетау қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 9 және 10 сыныптарының 50 оқушысы және Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернаты қатысты.

Байқау зияткерлік ойын форматында өтті және төрт турдан тұрды. Байқау бағдарламасы қатысушыларға "Құқық негіздері" оқу пәні, бала құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша сұрақтар ұсынылды.

♦️Жарыс қорытындысы бойынша мектеп командасы🥈 Касенова Дария мен 🥈Ким Камила үздік нәтиже көрсетіп ІІ орынға ие болды. Жетекшісі тарих. құқық негіздері пәнінің мұғалімі С.А. Алпыспаева.

Просмотров: 280


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст