2022 жылғы 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XV Президенттік олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңі өтті. Олимпиада бұған дейін республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11-сынып оқитын 191 оқушысы арасында өткізілді.
Олимпиаданың басты идеясы – патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту.
Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1)орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
2)жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.
«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республиканың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде басым құқыққа ие болды.
Аталмыш олимпиадаға Ақмола облысынан 10 оқушы қатысты.
XV Президенттік олимпиаданың ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды:
1. Балсеит Елдана - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
2. Ни Тимур – «IQanat High School of Burabay» мектебінің 11-сынып оқушысы;
XV Президенттік олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз!!!