Текст
Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) №3 ДБАОММИ-да "Республика күні" мерекесіне орай өткізілетін "Қыран елім- ҚАЗАҚСТАНЫМ!" іс-шаралар жоспарына сәйкес 18. 10. 22 ж мектеп оқушылары Отанға деген құрмет ретінде "Атамекен" тақырыбында патриоттық диктант жазды. Жалпы диктант жазу жас ұрпақтың сауаттылығын арттырып қана қоймай, патриоттық рухын да оятады. Республика күнінің мән-маңызын түсінеді. Мектеп бойынша 202 оқушы диктант жазып, туған жердің табиғатын , баға жетпес байлығын көзбен көргендей , көңіл түйгендері анық. Диктант жазған оқушылардың бойында шынайы патриоттық сезім қалыптасты деп ойлаймыз.