19.09.2022
Жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты республикалық интеллектуалдық конкурсының мектепішілік кезеңі
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру мақсатында мектебімізіде «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың интеллектуалдық конкурсы өтті. Конкурсқа 10-сыныптар арасынан 16 оқушы қатысты.
Конкурстың мектепішілік кезеңі екі тур бойынша өткізілді:
І тур – «Дарын» РҒПО дайындаған Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсыру;
ІІ тур – 4 номинация бойынша: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», Менің кішкентай Отанымның болашағы"- презентацияларды қорғау, «Менің туған өлкем» - эссе жазу.