Текст
«Оқушылардың дебаттық қозғалысы» жобасын жүзеге асыру және «Балалар жылы» аясында тірек пікір-сайыс клубтары арасындағы аймақтық турниріне «Саналы қыздар» командасы, құрамында Дариға Башарова, Алуа Дулатова қатысып 1- орынға ие болып, Ақмола облысы әкімінің кубогына арналған облыстық пікір-сайыс турниріне қатысуға жолдама алды.