Ағымды жылдың 25-30 сәуір аралығында «Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз» тақырыбында жас мамандар апталығы өтті. Мақсаты: жас мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамытуға жағдай жасау, әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, қолдау көресету. Апталықтың жоспары негізінде жас педагогтер өз пәндері бойынша ашық сабақтар өткізіп, жыл бойы өздерінің тәлімгерлерінің және басқа да пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып іс-тәжірибелерін арттырғандарын көрсете білді. Сабақтарын оқыту мақсатына сай, АКТ ресурстарын, әдіс-тәсілдерін қолданып қызықты, тиімді өткізді. Сабақ барысында оқушылар Kahoot бағдарламасы арқылы алған білімдерін тексерді, «Padlet» бағдарламасы арқылы QR-кодпен қосылып кері байланыс жасады. Апта бойы сыныптан тыс жұмыстарда да жүргізілді: «Ойлан!Тап!» қозғалмалы ойын, «Ғажайыптар әлемі», «Географиялық ассорти» танымдық ойындар, «Кездейсоқ сурет», «Сен білесің бе?» челленджілері, «Жылы құшақ» күні. Апталық жұмысын қорытындылау мақсатында әкімшілік, тәлімгерлер, жас мамандар қатысуымен «дәңгелек үстел» өткізіліп, сабақты өзіндік талдау, пікір алмасу жүргізілді.