Текст
«Қемеңгер» мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмыс жоспары негізінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ташмаганбетова Ляззат Нигметжановна «Н.Гоголь «Шинель» тақырыбында 10 «А» сыныбында шебер-сынып өткізді. Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп, сабақтың мақсатына сай шығармашылық тапсырмаларды орындады: дәйексөздің мағынасын ашты, Н. Гогольдің өмірбаяны бойынша әдеби хронограф жасады, «Шинель» шығармасының тарихы жөнінде кластер құрастырды, шығарма бойынша цитаталық жоспар, лексикалық талдау, 3 жол өлең құрастыру сияқты практикалық жұмыстарды орындады. Жаңа сабақты бекітуде оқушылардан шығарма бойынша тест алынып формативтік бағалау жүргізілді. Сабақтың соңында рефлексия өткізілді.