Текст
«Шабыт» мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмыс жоспары негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даулеткалиева Толқын Болатбековна «М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» тақырыбында 8 «Б» сыныбында шебер-сынып өткізді. Оқу материалын зерделеуді ұйымдастыру кезінде мұғалім әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды: «1 минут» әдісі бойынша «Kahoot» бағдарламасы арқылы үй тапсырмасын тексерді. «Кезбе тілші» әдісі арқылы оқушыларды 3 топқа бөліп шығарма бойынша жұмыс жұргізді: 1-топ - Телестудиядағы диктор : оқиға туралы жиынтық ақпарат берді, 2-топ -Тілші: оқиға орнынан ақпарат ұсынды, 3-топ -Тілші: куәгерден сұхбат алды. Сабақта кері байланыс Wordwall бағдарламасында «Ғажайып алаң» ойыны арқылы ұйымдастырылды. Сабақ мақсатына сай өткізілді.