Текст
«Шабыт» мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмыс жоспары негізінде көркем еңбек пәні мұғалімі Шаяхметова Салтанат Советовна «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында 7 «А» сыныбында шебер-сынып өткізді. Оқушылар топқа бөлініп, «Миға шабуыл» әдісі бойынша сабақтың тақырыбын анықтады, оқыту мақсатымен танысты, «Тілек бұлттары» әдісі негізінде осы сабақтан не күтетінің стикерге жазды. Қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы бейнематериал тыңдап, ән шырқады. Тәжірибелік жұмыс орындау барысында оқушылар технологиялық картаны қолданып, санитарлық-гигиеналық және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтап бауырсақтың екі түрін дайындады. Критерийлер арқылы оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалап, пікірлерін білдірді.