Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Партизан қызы» повесінің құндылығы тақырыбында сабақ

16.03.2022

«Кемеңгер» мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмыс жоспары негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахат Алтыншаш Досымбеккызы «Әди Шәріповтің «Партизан қызы» повесінің құндылығы тақырыбында  9 «А» сыныбында шебер-сынып өткізді. Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Оқушылар топқа бөлініп, «Кедергілерден өту» пирамидасының шартымен және оқыту мақсаттарымен  танысты. Мұғалім сабақтың мақсатына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы материалды меңгерту жолдарын қарастырды. Бірінші кедергені алу мақсатында оқушылар «Мюнстерберг» әдісі арқылы көптеген әріптер арасынан тұтас сөздерді  тауып, тез оқып, сөйлем етіп дәптерге жазды, «Керуен сұрақтар» әдісін қолданып алдыңғы оқуды пысықтады, «Ой зерделеу», «Жазушы ойы», «ПОПС формуласы» әдістер арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындады, өз пікірлерін дәлелдеді, берілген дескриптор арқылы кері байланыс жасап бір-бірін бағалады. Сабақ өте қызықты, мазмұнды, талаптарға сай өткізілді

Просмотров: 640


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст