Текст
Kөкшетау қаласының тарихи музей қызметкері, белсенді ата-анамыз Гүлмира Қарақайқызы Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын жүзеге асыру жəне Жастар жылын қолдау мақсатында "Тұлға. Тағылым. Тағзым" атты іс-шара ұйымдастырып өткізді. Оқушылар арнайы шақырылған қонақтар өлкетанушы профессор Жеңіс Темірханұлы жəне Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Мұрат қажы Ыдырысұлымен танысты. Жеңіс Темірханұлы жас өлкетанушыларға зерттеу жұмыстары туралы баяндап берді. Мұрат қажы Ыдырысұлы жарық көрген еңбектерін мектепке сыйлады. Мектеп оқушылары үшін мазмұнды кездесу ұйымдастырған Гүлмира Қарақайқызына алғысымызды білдіреміз!