Текст
Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шыққанына 33 жыл толуына орай жастар арасындағы әскери-патриоттық бағыттағы тәрбиенің мәнін көрсету, жастар арасында әскерге баруға деген құлшынысты арттыру мақсатында Ауған соғысы ардагерлері мен жастар ұйымдары өкілдерімен бірлесіп өткізген диалогтық алаңына мектебіміздің «Сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері қатысты. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының "Жастар-ресурстық орталығы" КММ-і әскери-техникалық мектебіне экскурсия ұйымдастырды. Жетекшісі: Алғашқы әскери дайындық - АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы А.Е. Шокаев.