Текст
«Кемеңгер» мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмыс жоспары негізінде қаңтардың 27 күні физика пәні мұғалімі Сатынсин Дағыстан Толеуғалиұлы 8 «Б» сыныбында физика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім оқушыларды топқа бөліп тапсырмалар беру және тапсырмаларды тұжырымдау арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашты, оқулықта баяндалған мәтіннің мағынасын түсіндірді, практикалық жұмыстар жүргізді. «Біліміңді тексер!», «Кім жүйрік?» әдістері арқылы оқушылармен есептер шығарып, тестілеу өткізді.