М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілу, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алу, өмірде қолдана алуға бағыттау, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 8-9 желтоқсан күндері мектебімізде «Абайтану» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 8-11-сынып оқушылары қатысты. Олимпиада екі айналымнан тұрды. 1-айналымда оқушылар Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазды, 2-айналымда М. Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша тапсырмалар орындады.
Олимпиаданың 1-2-айналымдарының қорытындысы бойынша:
Кәрім Аружан, 8а-сын. 1-орын
Дулатова Алуа, 9б-сын. 1-орын
Жылқыбай Айсара, 10а-сын. 1-орын
Сулейменова Гүлшекер,11б-сын. 1-орын
Блиспекова Жұлдыз, 9а-сын. 2-орын
Хойшыбай Назым, 10а-сын. 2-орын
Бекмолдина Жанерке, 10а-сын. 2-орын
Билялова Алика, 11а- сын. 2-орын
Әділбай Ақбаян, 10б-сын. -3-орын
1-орынға иеленген 9-11-сынып оқушылары қаңтар айында өтетін республикалық «Абайтану» олимпиадасына қатысады.