Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

XIV Президенттік олимпиада

22.11.2021

2021 жылғы 15-18 қараша аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында жаратылыстану-математикалық циклының пәндері бойынша XIV Президенттік олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңі өтті. Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жалпы білім беру ұйымдарының 11- сынып оқушылары қатысты.
Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1)орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
2)жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3)тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.
Ағымдағы жылдың 16 -қарашасында математика және химия пәндерінен І тур өтті. 17- қарашада физика және биология пәндерінен ІІ тур өтті. Қатысушыларға әр турда тапсырмаларды шешуге 4 сағат уақыт берілді.
Аталмыш олимпиадаға 11-сынып оқушысы Жұматай Саяна қатысып, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректорының білім беру грантының сертификатына ие болды. Құттықтаймыз!

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст