Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2 маусым-Халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес

11.06.2021

                  Маусым айының 12-і дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн ретінде халықаралық күнтізбеге тіркелген. Жыл сайын республикамызда маусым айының 1 мен 12 аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны ұйымдастырылады. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады.
Әр оқушы өзінің құқығын білуі маңызды. Бұғанасы қатпаған бала еңбек етіп, күн көрмеуі керек, керісінше балалық шағында мектепте берілетін біліммен еркін сусындағаны жөн.
«Адамның бір қызығы бала деген» деп ұлы дана, кемеңгер Абай айтқандай, бала – адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы, көрер қызығы, артына қалдырар ұрпағы, сондықтан қабырғасы қатпаған, буыны бекімеген жастың еңбек құқығын сақтауға қатысты заңнаманың мүлтіксіз орындалуы – заман талабы. Бұл жас ұрпақтың алдындағы азаматтық парызымыз болмақ. Бала аспанын бұлт шалмасын. Балалар біздің болашағымыз.

Просмотров: 307


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст