Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы  (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая,  город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың, құқықбұзушылықтың алдын алу»

07.02.2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес 7-сынып ұлдарымен тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатын тәрбиеші Атетова К.А. «Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың, құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және қоғамда өзін дұрыс ұстаудың маңызын түсіндіру болды. Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында жиі кездесетін келеңсіз жағдайлар талқыланып, олардың салдары туралы нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етті.

Просмотров: 33


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст