Текст
06.02.2026
"Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Заң мен тәртіп» айлығы жоспарына сәйкес 9 сынып қыздар тәрбиешісі Г.А. Кудулова "Заң және тәртіп құндылығы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сана мен жауапкершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен заң алдындағы міндеттерін айқындау. Сонымен қатар, жас ұрпаққа құқық бұзушылықтың алдын алу мен заңды құрметтеудің мәнін ұғындыру арқылы олардың қоғамда жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясымен, бала құқықтары туралы заңдармен танысып, нақты өмірлік жағдаяттар арқылы құқықтық білімдерін бекітті.