Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғылыми – практикалық семинар

14.12.2025

https://www.instagram.com/p/DSK4lQdCRaY/

2025 жылғы 12 желтоқсанда ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы» КММ және «Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ бірлескен жылдық жоспары негізінде «Адалдық пен рухани кемелдік негізіндегі көшбасшылық: «Адал азамат» тұжырымдамасы мен Абайдың «Толық адам» іліміне сүйене отырып, жаңа қазақстандық элитаны қалыптастыру» тақырыбында ғылыми – практикалық семинар өткізді.
Семинарға облыстағы Абай мектептері мен мамандандырылған мектептер педагогтері, сондай – ақ Көкшетау қаласының қазақ мектептері қатысты. Семинардың пленарлық отырысында Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы басшысы Ляззат Сурагановна Курмангалиева сөз алды.
Семинардың маңызды оқиғаларының бірі – Желілік Абай мектептерінің филиалының ресми ашылуы. Жаңа филиалдың ашылуы облысымызда абайтануды жүйелі түрде дамытуға, жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуге, сондай-ақ Абай мұрасын заманауи білім беру кеңістігіне тереңірек енгізуге мүмкіндік береді.
Семинардың екінші кезеңі тәжірибе тарату бөліміне арналып, ұстаздарға арналған тәжірибе тарату алаңдары жұмыс жасады. Тәжірибе таратқан ұстаздарға сертификаттар табысталды.

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст