Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар жиналысы

10.11.2025

https://www.instagram.com/p/DQyo7uWjWKa/

8 қараша күні мектебімізде 11-сынып  ата-аналарының  жиналысы өткізілді. «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық: мектеп, ата-ана және оқушы ынтымақтастығы»  тақырыбы  жан-жақты талқыланды. Жиналысқа 11-сынып ата-аналары, мектеп әкімшілігі, психолог, кәсіби бағдар беруші, сынып жетекшілер қатысты.

Мектеп психологы А.М.  Рысмагамбетова ата-аналармен тренинг өткізіп, ҰБТ мен қорытынды сынақтар кезінде баланың психологиялық тұрақтылығын сақтау бойынша кеңестер берсе,  оқу ісі меңгерушісі Қ.А Мухаметжанова «ҰБТ  өткізу тәртібін» егжей-тегжейлі түсіндірді. Ал  тәрбие ісі меңгерушісі М.Н Каиржанова «Тәрбиелік бағыттағы жұмыстар және сыныптағы ахуалды талдай отырып,  11- сынып оқушыларының мектептегі  өзара сыйластық пен түсіністік деңгейі, ынтымақ пен бірлік ахуалы, мұғалім мен оқушы арасындағы сенім атмосферасы, сыныптағы психологиялық қолайлы орта, яғни әр оқушының өзін еркін және қауіпсіз сезінуі  байқалады дей келе, ҰБТ-де нәтижеге жетудің сәтті қадамы екенін айтып, оң бағасын берді.

Кәсіби бағдар маманы А.Б. Нұрташ «Мамандық таңдаудағы негізгі бағыттар, ЖОО мен колледждер жайлы мәліметтер, тестілеуге дайындық мүмкіндіктерін» түсіндіре отырып, оқу орнын таңдауға немқұрайлы қарамау керектігін айтып өтті.

Просмотров: 46


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст