Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – елге мұра, ұрпаққа ұран болған өшпес ерліктің мерекесі. Отан үшін от кешкен аталарымыздың батырлығы мен жанқиярлығының жарқын үлгісі. Халқымыз үшін Жеңіс күнінің қашанда орны бөлек. Өйткені еліміздегі әр отбасы сұм соғыстың азабын тартып, зардабын сезінді. Майданға аттанған азаматтарымыздың жартысы елге қайтып оралмады. Ұрыс даласында қайсарлығымен көзге түскен 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Тылда қалғандар да күндіз-түні еңбек етіп, жеңіске жетуге зор үлес қосты. Сондықтан фашизмді күйретуге тікелей атсалысқан соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Аталарымыздың жанкештілігі мен әжелеріміздің төзімділігін кеңінен дәріптеу, арамызда жүрген майдангерлерімізге құрмет көрсету, өмірден өткендерінің рухына тағзым ету – біздің перзенттік парызымыз. Сол арқылы біз бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін түсінеміз. Өскелең ұрпақтың патриот болып қалыптасуына жол ашамыз. Мұның қазіргідей сын-қатерлер заманында маңызы аса зор. Жеңіс күнімен құттықтай отырып, ардагерлерімізге мықты денсаулық және амандық тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

11.05.2021
Просмотров: 268


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст