Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауы

04.11.2024

Желілік Абай мектептеріндегі @abaimektepteri оқушылар арасында өткен «Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауы сәтті, табысты түрде аяқталды.
Мұғалімдер семинар жасап тәжірибе алмасты. Ал оқушылар “Көкше” телеарнасынан сұқбат берді.
Байқаудың ашылуына Ақмола облысының Білім басқармасының басшысы Айнагүл Қадырбайқызы қатысып құттықтау сөзін айтып сәттілік тіледі.
Көкшетауда өткен сөз додасына еліміздің 12 өңіріндегі Абай мектебінен 24 оқушы қатысты. Екі бөлім, 4 кезең бойынша өткен шешендік сайысқа қазылық жасаған сөз қадірін жете түсінген ақын, журналист азаматтар әрбір оқушыға жеке-жеке баға беріп пікір, ұсыныс айтып, сайыс үстінде сабақ өтті. Осы жолдағы бірнеше жылғы қажырлы еңбектің нәтижесінде оқушылардың сөйлеу шеберлігі шыңдалып, шешендік сайысқа түсуге дағдыланып қалғаны байқалды.
Сөз додасының қорытындысы мынадай:
3-орын иегерлері(30 000₸): Қарағанды облысынан барған Жібек пен Аяна және Көкштетаулық Ажар мен Фариза.
Алматы облысынан барған Нұрсұлтан мен Ақерке және Астаналық Ғабит пен Саяжан 2-орынға(50 000₸) ие болды. 1-орындарды(70 000₸) Ұлытау облысынан барған Інжу мен Рауан және Батыс Қазақстан облысынан барған Айым мен Аяна иеленді.
Байқаудың бас жүлдесін республикалық Абай мектебінен барған Айсымбат пен Әмина жеңіп алып 100 000 теңге сыйақыға ие болды.
VI республикалық шешендік өнер байқауы Шымкентте өтетін болды.
Игілікті іс-шараны сәтті, жоғары деңгейде өткізген Көкшетаудағы #3 Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының @kokshetau_daryn директоры Анаргүл Назымбекқызы бастаған ұжымға, барлық жетекшілер мен қатысушыларға алғыс айтамыз!

Просмотров: 91


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст