Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017-2018 ж. ғылыми-әдістемелік жұмыс есебі

Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы

       2017-2018 оқу жылында мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы «Мұғалімнің кәсіптік құзіреттілігін арттыра отырып оқушылардың интеллектуалдық, жеке тұлғалық болымысын дамытуда оқытудың жаңа технологияларын және әдіс-тәсілдерін пайдалану» түйінді мәселесі негізінде  жүргізілді. Осы мәселе бойынша педагог кадрларының алдына қойылған мақсат: Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мұғалімнің кәсіби құзырлыгы мен шығармашылығын жетілдіру, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру іске асырылды.

Мұғалімдердің сапалық құрамы:

      Осы мақсатты орындауда мектебіміздегі 4 әдістемелік   бірлестікте – 34 білімі жоғары  мұғалімдер қызмет атқарды. Ұстаздардың  19-і - жоғарғы санатты, 4 - бірінші санатты, 3-еуі -  екінші санатты, 8 мұғалімнің  санаты жоқ. 4 мұғалім – жас ұстаз

 

Педагогтар саны

білімі

педагогикалық өтілі

санаты

жоғары

арнайы орта

1-5

5-10

10-25

25 және жоғары

жоғары

бірінші

екінші

жоқ

34

34

0

5

2

10

17

21

4

3

6

 

Мұғалімдердің  кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыру:

    Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде 14 педагог  Көкшетау қ аласында «Өрлеу» ҰБАО АҚ  филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ және «НЗМ»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында біліктік арттыру курстарынан  өтіп, сертификаттарға ие болды. Оның ішінде пәндер бойынша: химия -1, биология -2, география -1, математика -1, физика- 1, дүниежүзі тарихы – 1, қазақ тілі мен әдебиеті -1, орыс тілі мен әдебиеті- 1, көркем еңбек -2, дене шынықтыру -3.

Көкшетау қ аласында «Өрлеу» ҰБАО АҚ  филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ «Білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық ойлары аясында химияны және биологияны оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістері» тақырыбында өткен курсты 2 мұғалім: биология пәнінің мұғалімі Муратбекова Б.Р. және химия пәнінің мұғалімі Заманбекқызы Ж.,  «Инновационные подходы и методики преподавания предмета «Начальная аоенная и технологическая подготовка» тақырыбында өткен қысқа мерзімді курсты АӘД мұғалімі Шокаев А.Е. бітіріп, сертификаттарға ие болды.

   «Пәнді ағылшын тілінде оқытудың инновациялық әдістемесін меңгеру бойынша мұғалімдердің құзыреттілігін дамыту» тақырыбында өткен 3-айлық курсты биология пәнінің мұғалімі Муратбекова Б.Р. және химия пәнінің мұғалімі Заманбекқызы Ж. аяқтап, С1 деңгейдегі сертификаттарға ие болды. Осы тақырыпта өткен 10-айлық курсты физика пәнінің мұғалімі Молдахметова Ш.Р. бітіріп, С1 деңгейдегі сертификат алды.

Эксперименталдық жұмыс:

    Жаратылыстану-математика пәндерін үштілде оқыту бағдарламасын жүзеге асыруды жетілдіру мақсатында мектебімізде оқу жоспарының вариативтік компоненті бойынша пилоттық ретінде информатика, биология пәндерінен ағылшын тілінде факультативтар мен таңдамалы курстар қарастырылды. Информатика пәнінің мұғалімі Ажкен Алия Бауыржанқызы 2017 жылы 3-айлық «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында біліктілік арттыру курсын бітіргендіктен вариативтік компонент бойынша 5 «А», «Б» сыныптарында «Информатика ағылшын тілінде» факультатив, 8 «А»,«Б», 10 «Б» сыныптарында «Информатика ағылшын тілінде» таңдамалы курстарын жүргізді.  Сабақтарында «ЖИГСО», «Сыни тұрғысынан ойлау», «Ойындар технологиясы», «Музыкалық қорап», «Кубизм», «Миға шабуыл», «Мозайка» т.б. әдіс-тәсілдерді кенінен пайдаланады және оқушылардың танымдылық-коммуникативтік құзыреттілігін дамыту мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін сабақтың түрлі кезеңінде оқушылардың үш тілде тыңдалым, айтылым,  оқылым, жазылым дағдыларын дамытудағы белсенді оқыту стратегияларын қолданды. Сабақтарын SMART технологиясы,Интернет желісі арқылы bilimland.kz.,quizlet.com сайттарында on-line тұрғыдан тапсырмаларды алып оқушыларға орындатты.

      Мектебімізде 2017-2018 оқу жылынан бастап «Биология» пәнін ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізуді бастайтын  пилоттық мектептердің  бірі болғандықтан  биология пәні мұғалімі Аубакирова Куралай Рамазановна 10 «А» сыныбында биология пәнін ағылшын тілінде оқыту элементтерін қолданып сабақ берді. Биология пәнінің мұғалімі Муратбекова Бахытгуль Рамазановна вариативтік компонент бойынша 5,6«А»,«Б», сыныптарында «Жаратылыстану ағылшын тілінде» факультатив, 9,10 «А»,«Б» сыныптарында «Биология ағылшын тілінде» таңдамалы курсты жүргізді. Химия пәнінің мұғалімі Заманбекқызы Жадыра 10 «а, б» сыныптарында «Химия ағылшын тілінде» таңдамалы курсын жүргізді. Барлық мұғалімдер сабақтарында АҚТ, CLIL, дамыта оқыту, диалогты оқыту, ойын түрлерін кеңінен пайдаланды. Әр мұғалім өз пәніне ағылышын тілін кіріктіре отырып, тапсырмаларды дифференциялап, оқушылардың пән бойынша терминдерін қолдануға, сыни ойлауға, ағылшын тіліндегі терминдер мен сөйлемдерді кеңінен қолдануға жағдай жасап, қызығушылықтарын арттырды.

Педагогикалық тәжірибені   жинақтау, тарату:

      Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің шығармашылық іс- әрекетінің нәтижесін жинақтау және тарату  мақсатында жыл бойы педагогтар семинар, конкурстарға белсенді қатысты.

       Дарынды балаларға білім берудің жаңа педагогикалық мазмұнын, технологияларын және жаңаша ұйымдастыру түрлерін әзірлеу жұмысына мұғалімдерді тарту, шығармашыл зерттеуші-педагогтерді анықтау және қолдау, педагогикалық идеялармен, жобалармен, шығармашылық нәтижелерімен алмасу, ең үздік педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында облыстық білім басқармасы өткізген «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсына Шалабаева А.Б., Куспекова К.М., Искакова Д.М., Әдей Ж.. Жұматай Ж.Б. Маженова А.А., Курманалина А.С., Нурмашов А.А., Ахат А.Д., Шаяхметова С.С., Асиенова М.М., Ажкен А.Б., Муратбекова Б.Р. белсенді қатысты.  Конкурстың қорытындысы бойынща I орын -  Искакова Д.М. химия пәнінің  мұғалімі I орынға, Әдей Ж. тарих пәнінің мұғалімі III орынға ие болды. Асиенова М.М. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі «Ізденімпаз ұстаз», Шаяхметова С.С.- технология, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі «Ең креативті ұстаз», Муратбекова Б.Р.- биология пәнінің мұғалімі «Алғыр ұстаз» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.              

       2017 жылдың 8-9 қараша күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласы, «Алатау» шипажайы базасында «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурсын өткізді. Осы конкурсқа «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурстың жеңімпаздары және республикалық конкурстың іріктеу кезеңінен өткен химия пәнінің мұғалімі Искакова Дана Манаповна мен тарих пәнінің мұғалімі Әдей Жайнагүл қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша химия пәнінің мұғалімі Искакова Дана Манаповна II орын жеңімпазы атанып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі Дипломымен марапатталады. Әдей Жайнагүл қатысушы сертификатына ие болды.

       Математика, информатика және физика пәндері мұғалімдерінің V облыстық шығармашылық конкурсы өтті. Конкурсқа математика пәнінен Шалабаева А.Б., физика пәнінен Куспекова К.М., информатика пәнінен Ажкен А.Б. қатысты. Нәтижесі: Ажкен А.Б.информатика пәнінен II орынға иеленіп, 1-2 қараша күндері Алматы қаласында өткен Республикалық конкурсына қатысып, сертификатқа ие болды.

       13-14 қазан аралығында биология пәнінің мұғалімі Аубакирова К.Р. «Астана-Кітап» баспасы мен USTAZ кәсіби жетілдіру орталығының «Ағылшын тілінде сабақ беру методикасы мен қостілді кітаптарын таныстыру» тақырыбындағы өткізген республикалық семинар-тренингке қатысты, тәжірибе алмасты.

      Математика пәнінің мұғалімі Шалабаева А.Б. «Аса күрделенген  тапсырмаларды шешу техникасы бойынша сынып-шеберліктер» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысып, шебер-сынып өткізді, өз тәжірибесімен бөлісті. 

      2018 жылдың 22-23 мамыр күндері Ақмола облысы білім басқармасы жалпы орта білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері арасында өткізген «Үздік педагог-2018» облыстық конкурсына химия пәнінің мұғалімі Искакова Дана Манаповна қатысып, жүлделі I орын иеленіп, 100 000 сертификат иегері атанды және Республикалық  «Үздік педагог-2018» конкурсына жолдама алды.

Педагогтардың семинар мен конференцияларға қатысуы:

       Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы жаңартылған бағдарламаны енгізу бойынша 5,7 сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдерге өткізген өңірлік семинарға 12  педагог қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оқу робототехникасын танымал ету, білім берудегі роботтарды дамыту, ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында оқушыларды  ғылыми-зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау мақсатында өткен облыстық семинар-парктикумға информатика пәнінің мұғалімі, робототехника үйірмесінің жетекшісі Ажкен А.Б. қатысты Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Express Publishing халықаралық баспасының ресми өкілі «»EDU Stream» халықаралық білім орталығымен ағылшын тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету және білім сапасын арттыру мақсатында өткізген семинарға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ғапу Н.З. қатысты. Алматы қаласында Express Publishing халықаралық баспасының ресми өкілі «»EDU Stream» халықаралық білім орталығы «Успешная интеграция разработанных учебно-методических комплексов по предметам «Физика», «Химия», «Биология» на английском языке в образовательный процесс» тақырыбында өткізген халықаралық ғылыми-практикалық семинарға биология пәнінің мұғалімі Муратбекова Б.Р. қатысты. Облыстық білім басқармасы «Оқу үрдісінде және сабақтан тыс қызметте оқушылардың жобалау жұмыстарын ұйымдастыру» жобасын іске асру бойынша оқыту семинарын өткізді. Бұл семинарға тарих пәнінің мұғалімі Әдей Ж. қатысты. Облыстық білім басқармасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латын графикасына көшу- оқушылардың  функционалдық сауаттылықтарын дамыту құралы» тақырыбында өткізген ғылыми-практикалық конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахат А.Д., «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында көптілді білім беруді іске асыру ерекшеліктері» облыстық семинарға биология пәнінің мұғалімі Аубакирова К.Р. қатысты. «Дарын»РҒПО ұйымдастырған «Замануи білім беру ресурстары- көптілді оқыту жағдайында дарынды оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің қолдау құралы» республикалық семинарға ағылшын тілі мұғалімі Асиенова М.М., Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы өткізген Республикалық форумға математика пәнінің мұғалімі Куспекова К.М. қатысты.

    Жас мамандармен жұмыс:

      Мектебімізде жас мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында жұмыс жүргізілді. Жыл бойы жас мамандарға Еслямова У.Б., Заманбекқызы Ж..Муратбекова Б.Р.. Патиев Б.М. Ғапу Н.З. тәлімгерлері әдістемелік көмек көрсетті, біліктілік курстарға жіберілді, сабақ барысында кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын көрсетуде семинар-тренингтер өткізілді.

Аттестация бойынша жұмыс:

     2017-2018 оқу жылында аттестаттаудан өтуге 7 мұғалім өтініш берген. Оның ішінде 4 мұғалім жоғары санаттарын бекітуге, 2 мұғалім –жоғары санатты, 1 мұғалім –бірінші санатты беруге. Ақмола облысы білім басқармасының 2018 жылы 30 наурыздағы № 72 бұйрығы негізінде пән мұғалімдері  Искакова Д.М., Шалабаева А.Б,,Әдей Ж., Бейсембаев А.Б. жоғары санаттарын растады, Пән мұғалімдері Шаяхметова С.С., Какей С. жоғары санаттары және Маженова А.А. бірінші санаты берілді. Мамыр айында Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуге 6 педагог өтініш тапсырған, соның ішінде  өткен 5-нен, 4-уі екінші кезеңіне жіберілді: 1- педагог-модератор, 3-педагог- зерттеуші.

Жаңартылған күні: 11.03.2019 10:11
Құрылған күні: 12.05.2020 17:05

Текст