«Медиа алаң» үйірмесі
Журналистика туралы сөз қозғала қалғанда бір ғасыр бұрын айтылған Ахмет Байтұрсынұлының "Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деген сөзіне жүгінеміз. Арада жылдар өтсе де бұл сөз маңыздылығын әлі жойған жоқ. Қазақтың ұғымында "Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды". Демек отыз тістен шыққан сөздің отыз руға тарауы қазаққа ғана емес, әлемдік ақпаратқа да қатысты екені белгілі.
"Медиа алаң" үйірмесінің мақсаты - жазуға икемі бар, болашақта кәсібін журналистикамен байланыстырғысы келетін жастарға бұқаралық ақпарат құралдарындағы жұмыс, міндет мақсаттар туралы үйрету және практикада көрсету.
Күтілетін нәтиже - үйірмеге келетін оқушыларды шапшаң ақпарат жинап, оны сапалы, сауатты түрде ақпарат айдынына алып шығуға үйрету. Болашақ тілшілер өздерін түсірілім алаңдарында, камера алдында емін-еркін ұстау. Берілген тақырыппен соңына дейін жұмыс істеуге үйрету.